Біздің дастарханымыздың негізі, үйлесім мен молшылықтың символы болып табылатын өнімдердің бірі - нан. Бірақ күнделікті тағам күш беріп қана қоймай, денсаулығымызға біртіндеп зиянын тигізуі мүмкін екенін ойладық па?
2025 жылдың 25 маусымында БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бірлесіп, нан және нан өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайтуға арналған семинар өткізді. Оның мақсаты – нан және нан өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайту, ал бұл әрбір қазақстандықтың денсаулығына тікелей әсер етеді. Семинарға қалалық нан және нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ онлайн режимде қосылған аудандық кәсіпорындар қатысты.
Біз тұздың артық мөлшері қалыпты жағдайға айналған әлемде өмір сүріп жатырмыз. Ал тұздың көп мөлшері жүрек-қан тамырлары ауруларының, гипертонияның және басқа да созылмалы дерттердің басты себепкері екенін ұмытпайық.
Бұл жай ғана ақпарат алмасу емес, халықтың денсаулығы үшін ұжымдық жауапкершілікті көрсету болды.
Департаменттің Тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы А. Маратованың "Нан және нан өнімдеріндегі тұзды азайтудың өзектілігі" тақырыбындағы баяндамасы жай ғана дәріс емес, стратегиялық хабарлама болды. Ол нан рецептіндегі кішкентай өзгерістің қоғамдық денсаулыққа орасан зор пайда әкелетінін – медицинаға түсетін ауыртпалықтың азаюын, өмір сүру ұзақтығының артатындығын атап өтті. Бұл өндірушілер тарапынан да, әрқайсымыздың тарапымыздан да саналылыққа шақыру болды.
Өндірушілер сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Бұл қазақстандық бизнестің өзгерістерге дайын екенін, салауатты қоғамды қалыптастырудағы рөлін түсінетінін көрсетеді. Өйткені, салауатты ұлт – мықты ұлт.