Жіті ішек инфекциялары (бұдан әрі– ЖІИ)-бұл әртүрлі бактериялар, вирустар немесе қарапайым паразиттер тудыратын және интоксикация, іштің ауыруы, диарея және құсу мен бірге жүретін асқазан-ішек жолдарының аурулары.
Диареядан, құсудан және іштің ауырсынуынан басқа, ЖІИ белгілеріне температураның жоғарылауы, әлсіздік, жүрек айну, тәбеттің болмауы және кейбір жағдайларда дегидратация жатады.
ЖІИ фекальды-оралды жолмен,яғни ластанған заттармен байланыста, ластанған тағамды немесе суды тұтыну арқылы және науқас адаммен байланыс арқылы беріледі.Сондықтан жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтау бұл инфекциядан қорғануға көмектеседі.
ЖІИ жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін, бірақ аурудың шыңы жазғы маусымға келеді. Дизентерия,сальмонеллез, іш сүзегі және тырысқақ сияқты бактериялық инфекциялар жазда ауа райының ыстық болуына байланысты, жиі кездеседі.
Жазғы кезеңде ЖІИ алдын алудың негізгі шаралары:
Жеке гигиена ережелерін сақтау:
*Тамақтан аралдында, дәретханаға, көшеге және қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу.
*Тамақ пен ыдыс-аяқты таза қолмен қолдану.
Қауіпсіз тамақпен ауыз суды таңдау:
*Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі су тұтыну.
*Сатуға рұқсат етілген жерлерден ғана азық-түлік өнімдерін сатып алу, және жабайы сату орындарынан аулақ болу.
*Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сатып алмау.
*Жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуу,тіпті олар сіздің өз бақшаңыздан болса да.
Тағамды сақтау және дайындау ережелері:
*Температураны сақтай отырып, тағамды тоңазытқышта дұрыс сақтау.
*Шикі және дайын өнімдер арасындағы байланысқа жол бермеу.
*Алдын ала дайындалған болса,дайын тағамдарды қолданар алдында мұқият қыздыру.
Шомылу кезіндегі ережелер:
*Шомылуға бөлінген жерлерде ғана шомылу.
* Су айдындары мен бассейндерде шомылу кезінде, су жұтпау.
Балаларға арналған арнайы шаралар:
*Балалардың ыдыстарымен ойыншықтарының тазалығын қадағалау.
*Балаларға жуылмаған жидектермен көкөністерді тікелей бақшадан жегізбеу.
*Балаларға жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін үйрету.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда, дереу дәрігердің көмегіне жүгіну және өзін-өзі емдемеу.
Жедел ішек инфекциясы денсаулыққа қауіпті әсіресе балалармен қарт адамдарда. Сондықтан алдын-алу шараларын ұстану және аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерден көмегі маңызды екенін
Есте сақтау маңызды!