Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаевтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ білім беру ұйымдары, мектеп жанындағы асханалар бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Жиын барысында эпидемиологиялық мәні жоғары нысандармен санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу сұрақтары талқыланды.
Сондай-ақ, жаңадан салынып, қолданысқа берілген мектептер бойынша рұқсат беру құжаттарын ұсыну мәселелері де қарастырылды.