Менингит туралы не білеміз?

Менингит туралы не білеміз?

Менингит - ми мен жұлын қабығының қабынуына әкелетін жұқпалы ауру. Аурудың инкубациялық кезеңі  2-ден 10 күнге дейін.  Негізгі түрлері: серозды және іріңді. Олар аурудың ауырлығы мен салдары бойынша өте ерекшеленеді.

Менингиттің қоздырғыштары вирустық, бактериялық және саңырауқұлақ инфекциялары болып табылады. Вирустар немесе бактериялар ми мен жұлынның жұмсақ қабығына еніп, қабынуды тудырады. Ересектерде стрептококк пен менингококк бактериялары тудыратын бактериялық менингит жиі кездеседі. Жаңа туылған нәрестелерде менингит көбінесе стрептококктарға байланысты пайда болады, балаларда энтеровирус инфекциясы денеге лас өнімдер мен заттар, су айдындарында шомылу кезінде немесе тазартылмаған су қолданылған кезде енеді.

Иммунитеттің әлсіреуі менингиттің дамуына үлкен әсерін тигізеді, сондықтан созылмалы аурулары бар адамдар бұл ауруға әсіресе сезімтал келеді.

Белгілері:

  1. Менингит ең басты белгісі төзімсіз қатты бас ауруы. Бұдан басқа белгілері: Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықет мен буын ауыруы, жалпы әлсіздік. Жүрек айнуы мен қатты құсу пайда болады ("су бұрқақ тәрізді").
  2. Науқас қатты дыбыстардан және жарқын жарықтан, басын кеудеге қарай еңкейтіп, аяқтарын тізеден жазған кезде қатты ауырсынуды сезінеді.
  3. Жағдайын жеңілдету үшін науқас бүйіріне жатып, басын қатты артқа шалқайтып, қолдарын кеудесіне қысады, ал аяқтарын тізесіне бүгіп, ішіне қарай қысады. Көбінесе денеде бөртпе пайда болады.
  4. Клиникалық белгілер балалармен ересектер мен бірдей, бірақ қосымша: диарея және әлсіздік, үнемі жылау және тәбеттің төмендеуі, еңбек аймағының ісуі пайда болуы мүмкін.
  5. Алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін бір күннен кейін адамның жағдайы күрт нашарлайды. Науқастың есі күңгірттеніп, апатия мен ұйқышылдық, ашуланшақтық пайда болады. Ми қабығының тіндерінің ісінуі басталады, бұл органдар мен тіндерге қанағынын қиындатады. Уақытылы көмек көрсетілмесе, адам комаға түсіп, өлуі мүмкін.

Уақытылы медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, келесі асқынулар пайда болуы мүмкін:

  • есту қабілетінің жоғалуы (уақытша немесе толық);
  • эпилепсия;
  • қанныңұюыпроблемалары;
  • іріңді артрит;
  • эндокардит;
  • ақыл-ой қабілетініңнашарлауы;
  • өлім.

Менингиттің алдын алу шараларына ең алдымен міндетті вакцинация кіреді. Вакцинация көмегімен көптеген аурулардың дамуын болдырмауға көмектеседі.

Менингиттің алдын алу шаралары:

  • жеке гигиенаны сақтау;
  • менингитпен ауыратын адамдар мен қарым-қатынасты болдырмау (жұқтырған адам мен байланыста болғаннан кейін дәрі-дәрмектің профилактикалық курсын алу қажет);
  • тұмау эпидемиясы және басқа жұқпалы аурулар кезінде бетперде кию;
  • тамақ ішералдында, көлік пен қоғамдық орындардан кейін қолды жуу.
  • шикі су ішпеу, көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен өңдеу, сүтті қайнатып ішу;
  • тұрыпқалған су айдындарында шомылу кезінде байқаусыздан су ішуден сақтану;
  • иммунитетті нығайту.