Насырова Лаура Карагойшиевна-1970 жылғы 18 шiлде Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Өленті ауылында дүниеге келген.
1996 жыл - Қарағанды мемлекеттік медицина институтын медико-профилактиқалық ісі, дәрігер-гигиенист эпидемиолог мамандығын алып шығады.
Еңбек жолын 1996-2000ж.ж Орал қалалық СЭС балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері қызметінен бастады.
2000-2002жж Орал қалалық СЭС балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің менгерушісі.
2002-2003жж Орал қалалық СЭС балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері.
2003-2004жж ОҚМСЭҚБ балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің бас маман м.а.
2004-2005жж ОҚМСЭҚБ балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің бас маманы.
2005-2008жж ОҚМСЭҚБ инфекциялық бақылау бөлімінің бас маманы.
10.2008-11.2008жж ОҚМСЭҚБ коммуналдық гигиенасы бөлімінің бас маманы.
2008-2009жж ОҚМСЭҚБ ескертпелі санитарлық қадағалау бөлімінің бас маманы.
13.04.2009 03.03.2014жж Орал қ. бойынша МСЭҚБ сан-гиг.қадағалау бөлімінің бас маманы.
2014-2015жж Орал қ. тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы.
2015-2017жж ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің БҚО ТҚҚ департаменті - санитариялық-Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы.
2015-2019жж Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы.
14.06.2019-08.09.2019жж Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру бөлімінің бас маманы.
2019- 2020 ж.ж Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аса қауіпті инфекцияларды (АҚИ) және туберкулезбен эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.
2020-2024ж.ж Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.
2024 жылдан бастап кәзіргі уақытта Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жәнібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай - 21.12.2017 ж., "Халық алғысы" медалімен - 14.09.2020 ж марапатталған.