Иманқұл Серикбай Исламұлы- 1951 жылы 5 қарашада Ресей Федерациясында дүниеге келген. 1974 жыл - Орынбор мемлекеттік медициналық институты «емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1977 жылы Ақтөбе облыстық санэпидстанциясы - дәрігер эпидемиолог болып еңбек жолын бастаған.
Жұмыс атқарған жылдар ішінде жоғары кәсібилік, жауапкершілік және өз ісіне адалдық таныта отырып, халықтың денсаулығын сақтауға және аурулардың алдын алуға үлес қосқан Батыс-Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ардагері. «Деңсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталған.