«Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың демалысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар оздырылды

«Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың демалысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар оздырылды

«Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» базасында жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру мақсатында облыстық, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің жауапты мамандары, әдіскерлері, лагерь басшыларына семинар өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы З.Ажигалиева "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы 10 тамыздағы №ҚР ДСМ-78 бұйрығы бойынша санитарлық талаптарға енгізілген өзгерістер туралы, 2025 жылғы сауықтыру маусымында ашылуы жоспарланған сауықтыру лагерлерінің дайындығы, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу сұрақтары жөнінде баяндады. Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.