Меню

Страницы

Статья

Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба (БСГҚ)

Батыс Қазақстан облысы Орал – Елек табиғи ошағына жататын бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның табиғи ошағы болып табылады.     

   2023 жылдың ағымдағы кезеңінде Бәйтерек өңірі мен Орал қаласында бүйрек синдромымен геморрагиялық қызбаның 2 жағдайы тіркелді. 

        Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба (БСГҚ) – интоксикациямен, қызбамен, геморрагиялық синдроммен және бүйректің зақымдануымен сипатталатын табиғи ошақты ауру. Қоздырғыштың айналымы адамның араласуынсыз, тышқан тәрізді кеміргіштер арасында үнемі ашық табиғатта жүреді.

Табиғатта ауру көзі және вирустың резервуары болып тышқан тәріздес егеуқұйрықтар (жирен тоқал тіс, далалық тышқан, сұр және қара тышқандар мен әртүрлі сұр  тышқандарының түрлері) болып табылады.

Егеуқұйрықтардан адамдарға ең басты таралу жолы – ауа-шаң арқылы (егеуқұйрықтардың зақымдалған бөлінділерін шаң арқылы жұту, шөп, бидай, ағаш дайындау, балық аулау, жеміс-жидек және саңырауқұлақ теру кезінде); тағам және алиментарлық (егеуқұйрықтардың бөлінділерімен зақымдалған тағамдарды қолдану, лас қол арқылы), қарым-қатынас (ауру жануармен тікелей қатынаста болу, жануардың тістеуі, егеуқұйрықтарды бөлшектеу кезінде, ашық жарақаттарға бөлінділер түскен кезде).

Инкубациялық кезеңі 7 күннен 46 күнге дейін, жиі 21-25 күнге дейін созылады.

Ең басты симптомдары – жедел басталып, дене қызуының 39-400С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, бет пен терінің кілегей қабықтарының қызаруы. 3-4 күннен соң дене қызуының төмендеп, бел, іш аймағында ауырсыну, денеде бөртпе, бүйректің зақымдалу (зәр мөлшерінің азаюы) белгілері байқалады. БСГҚ – ға  қарсы арнайы алдын алу шарасы  жоқ.

Эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенінде спецификалық емес алдын алу шараларының ең негізгісі болып саналады:

- халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын өткізу, аурудың табиғи ошағында жеке гигиена ережелерін сақтау;

- егеуқұйрықтардың қолы жетпейтін ыдыстарға тағам өнімдерін сақтау;

егеуқұйрықтардың көздерін жою;

- тышқандармен қатынаста болуы мүмкін деген тағам өнімдерін міндетті түрде жылулық өңдеуден өткізген соң ғана тағамға қолдану;

- шөп, бидай, бидай өнімдерімен жұмыс істеген кезде шаңды бөлмеде және ескі ғимараттарды бұзу кезінде аузыңызды, мұрныңызды орамалмен немесе дәкелі маска, респиратормен жабу қажет;

- бөлмені жинастырғанда міндетті түрде сумен ылғалдау қажет;

- жұмыс істеп болғаннан соң, міндетті түрде қолды сабынмен жуу қажет.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет.

 

Дата публикации
12 октября 2023
Дата обновления
12 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 мая 2025
Жазғы сауықтыру орнын қалай таңдаймыз? Ата-аналар үшін ұсынымдар
Ақпарат
11 декабря 2024
"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметі
Ақпарат
02 июля 2024
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы