«Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымындағы №14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралыКонец формыКонец формКонец формыКонец формы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымындағы №14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19  коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы және 12-бабының 5-тармағын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабы 2,3,4,7 тармақтарын, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысын, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы №ҚР ДСМ-47 «Респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, covid-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тараудың 47, 48, 49-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) тұрғындары арасында  коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымындағы №14 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген 1 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа мазмұнда жазылсын.

2-тармақтың 3)-тармақшасы келесідей мазмұнда жазылсын:

«3) жабық үй-жайларда да, ашық ауада да жәрмеңкелердің әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салу;».

5-тармақ келесідей мазмұнда жазылсын:

«5. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:

Жексенбі күндері дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу үшін жұмысты тоқтата отырып, ҚР БМСД 25.12.2020 жылғы №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, тері антисептигі бар санитайзерлерді қолжетімді орындарға орнату, отыратын орындар саны бойынша толтырылу)».

  1. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласының әкімдері:

- бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы 2021 жылдың 17 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                        М. Арыспаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 14 шілдесіндегі №16

қаулысына қосымша

 

Объектілер / салалар

Қызыл аймақ

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. №26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін

1

Өнеркәсіп

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі

 

2

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі

 

3

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

4

Байланыссыз қызметтер (Автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т.б.)

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

5

Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.).

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

6

Гүл дүкендері, фотосалондар

Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

7

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

8

Мұражайлар, кітапханалар

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

9

Балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары, үйірмелер

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде, сенбі, жексенбі күндері тоқтата тұрып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

10

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін маникюр мен педикюр қызметтері (жазба бойынша)

Маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

11

Азық-түлік дүкендері (минимаркеттер)

 

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

12

Супермаркеттер, гипермаркеттер

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

13

Сауда алаңы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. №26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобаға қатысушы нысандарды қоспағанда, № 67 ҚР БМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

№ 67 ҚР БМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Сауда алаңы 2000 м2 асатын азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

№ 67 ҚР БМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

№ 67 ҚР БМСД қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

14

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

Жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жексенбі күндері тоқтата тұрып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

15

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

Жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сенбі, жексенбі күндері тоқтата тұрып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

16

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, қонақ үйлер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.).

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, толтырылуын 80%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

17

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология (жазба бойынша)

Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, алдын ала жазу бойынша жұмысқа рұқсат етіледі

 

18

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері»

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін уақытты шектей отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 

19

Мектепке дейінгі мекемелер

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтаған кезде кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі

 

20

Ұйымдар, офистер *

80% - қашықтықтан жасау;

20% - штаттық режимде

 

21

Діни объектілер

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей

 

22

Қоғамдық тамақтану объектілері

«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, тек жеткізу және алып кету қызметіне рұқсат етіледі

Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, жазғы аландарының жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін, толтырылуы 50% - дан аспайтын, бірақ 50-дан аспайтын отыратын орны бар, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етумен, бір үстелге отырғызу 4-6 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

23

Фудкорттар

ҚР БМСД 03.06.2021 ж.№26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобаға қатысушы нысандарды қоспағанда, тек жеткізу және алып кету қызметімен жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, толтырылуы 20%-дан аспайтын, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

 

24

Моншалар

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін жұмысқа рұқсат етіледі.

 

25

Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер

03.06.2021 ж. №26 ҚР БМСД қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тоқтатыла отырып, ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтаған кезде жұмысқа рұқсат етіледі

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмысқа рұқсат етіледі

26

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы)

03.06.2021 ж. № 26 ҚР БМСД қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, тыйым салу

 

27

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтары

03.06.2021 ж. № 26 ҚР БМСД қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмысқа рұқсат етіледі

28

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұру, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды, гүл дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды), сондай-ақ ҚР БМСД 03.06.2021ж. № 26 қаулысына сәйкес "Ashyq" пилоттық жобасына қатысушы нысандарды қоспағанда

 

29

Мәдениет объектілері (дайындық)

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, 30 адамға дейін, сондай-ақ covid-19-ға қарсы вакцинаныңекі компонентін де алған адамдарға рұқсат етіледі

30

Театрлар, кинотеатрлар

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, толтырылуы 30% - дан аспайтын, маска режимін, шахматқа сай отырғызу және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі

31

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Толтырылуын 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі

32

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Толтырылуын 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі

33

Бильярд бөлмелері

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін, толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

34

Компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 12.00-ден сағат 20.00-ге дейін, толтырылуы 30%-ға дейін (12 жастан асқан клиенттерге рұқсат) жұмыс істеуге рұқсат етіледі

35

Боулинг

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 12.00-ден сағат 20.00-ге дейін, толтырылуы 30% - ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі

36

Цирктер

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 30% - ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі

37

Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ете отырып, жұмыс кестесі сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары 

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ете отырып, жұмыс кестесі сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін

38

Ашық ауадағы атракциондар

Тыйым салынады

 

39

Көрермендер мен спорттық іс-шаралар өткізу

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, толтырылуын 20%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі

40

Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Банкет залдары**

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

41

Караоке

Тыйым салынады,

ҚР БМСД 03.06.2021 ж. № 26 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда

сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін, толтырылуы 30% -дан аспайтын, бір адамға кемінде 4 ш. м. есебінде, бірақ 30 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі

42

Түнгі және ойын клубтары, барлар, кальян орындары

Тыйым салу

 

 

* - Мемлекеттік органдар, ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтан және штаттық жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3- 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің штаттық режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

 

Дата публикации
14 июля 2021