Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

     Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің басым бағыты санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында инфекциялық аурулар мен жаппай тамақтан уланудың алдын алу болып табылады. Лагерьдің жұмысқа дайындығы лагерьдің санитариялық ережелердің талаптарына сәйкестігімен, балалардың тұруына, тамақтануына, медициналық қызмет көрсетуіне оңтайлы жағдай жасауымен анықталады.

     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалардың 14-тармағына сәйкес – маусымдық жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар объектілерді пайдаланар алдында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайындау кезінде 2024 жылғы демалыс маусымына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының міндетті түрде болуын қамтамасыз ету қажет.

     Балалар сауықтыру ұйымында жазғы сауықтыру маусымының ашылуы алдында жөндеу- қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі, оның ішінде келесі іс-шараларды қоса: корпустарды жөндеу жұмыстары, инженерлік желілердің, желдету және ауаны баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру, ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау, аумақты тазалау және абаттандыру, қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды қолдана отырып, профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу жатады.

     Балаларды сауықтыру лагерьлерінде бір жатын бөлмесіндегі орындар саны бір балаға 4 шаршы метр есебінен көзделеді. Барлық үй-жайлардың төбелері, қабырғалары, еденінің беті тегіс, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді. Ылғалды жұмыс режимі бар бөлмелерде қабырғалар ылғалға төзімді материалдармен қапталады. Объектінің аумағы, оның ішінде санитариялық-аулалық қондырғылар жарықтандырылуы тиіс. Участкенің жабдықтары (үстелдер, орындықтар, дене шынықтыру жабдығы және шағын сәулет нысандары) жарамды күйде ұсталуы тиіс. Балалар бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес жиһазбен қамтамасыз етіледі.

     Балаларды денсаулық жағдайы туралы құжат және жұқпалы аурулармен байланысының жоқтығы туралы анықтама болған кезде балаларды сауықтыру ұйымдарына қабылдау.

     ҚР ДСМ 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 72 және 74-тармақтарына сәйкес – КҚГҚ табиғи ошақтары аймақтарында (немесе тәуекел аймақтарда) орналасқан, қала сыртындағы жазғы сауықтыру ұйымдары басшылары оларды ашу алдында келесілердің орындалуын қамтамасыз етеді: ұйымның айналасында 500 метр радиуста іргелес аумақты қоқыстан, ағаш қалдықтарынан, қураған шөптен тазартуды; ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлардың кіріп кетуін болдырмау мақсатында аумақты қоршауды; тосқауыл енін қоршау периметрі бойынша кемінде 300 м жасай отырып, тосқауылды кенеге қарсы өңдеуді жүргізуді қамтамасыз етеді. Кенеге қарсы өңдеуді, жүргізілген жұмыстардың тиімділігін бағалай отырып, демалушы балалардың келуінен күнтізбелік 5-7 күн бұрын және әрбір ауысым алдында жүргізеді; ұйым аумағынан тыс шыққан кезде балалардың пайдалануы үшін репелленттер резервін құруды; ұйым персоналы және балалар жазғы сауықтыру мекемелеріне келген кезде олармен кенелердің шабуылынан қорғану шаралары туралы әңгіме жүргізуді қамтамасыз етеді. Кенеге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін ҚР және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген инсектоакарицидті құралдар пайдаланылады.

     Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылауға және қадағалауға жататын объектілерде қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылауды қамтамасыз етеді, зертханалық зерттеулер ҚР сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханалармен жүзеге асырылады.

     Балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың және жаппай тамақтан уланудың алдын алу және балалардың сауықтыру лагерьлерінде сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет, оның ішінде келесілерді қоса алғанда: ас блогында технологиялық процестердің реттілігі көзделеді, шикі және дайын өнімнің, пайдаланылған және таза ыдыстың қарсы ағындарына жол берілмейді; тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады; тыйым салынған өнімдерді дайындауға және пайдалануға жол берілмейді. Объектілерде персоналға жеке гигиена ережелерін сақтау үшін жағдайлар жасалады. Қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Арнайы киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады.

     Санитарлық ережелердің талаптарын бұзғаны үшін балаларды сауықтыру лагерлерінің басшылары мен қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап береді.