Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтер түрлерін көрсететін объектілердің жеке және заңды өкілдерімен семинар өткізілді

Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтер түрлерін көрсететін объектілердің жеке және заңды өкілдерімен семинар өткізілді

     2025 жылдың 29 сәуірінде Жамбыл облысының санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау департаментінің базасында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтер түрлерін көрсететін объектілердің жеке және заңды өкілдерімен  семинар өткізілді. Семинардың барысында кәсіпкерлерге денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және лицензия беру тәртібі  түсіндірілді.

     Талқылау  барысында Департаменттің мамандары кәсіпкерлердің сұрақтарына толық жауап берді.