
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" № ҚР ДСМ-2 бұйрығы (бұдан әрі – СҚ) сәйкес, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің (көздердің) айналасында санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі-СҚА) белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) Ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін гигиеналық нормативтерде (бұдан әрі – гигиеналық норматив) белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптілігі I және II сыныптардағы объектілер үшін – гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел шамаларына дейін азайтуды қамтамасыз етеді.
СҚА-ның өзінің функционалдық қолданылу мақсаты бойынша объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.
СҚА ең аз өлшемі жүйелі түрде әзірленеді: атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін және атмосфералық ауаның ластанып таралуының есептеулері және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауы бар жоба негізінде айқындалатын алдын ала (есептік) СҚА; есептеу параметрлерін растау үшін заттай зерттеулердің және өлшеулердің жылдық циклінің нәтижелері бар жоба негізінде айқындалатын белгіленген (түпкілікті) СҚА.
Жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА өлшемдерін өзгерту (ұлғайту, азайту) СҚА жобасының құрамына қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген СҚА жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу жолымен және:
1) СҚА шекарасында және одан тысқары жерлерде өндірістік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар бойынша көрсеткіштердің сәйкестігіне (әрбір ингредиентке жеке нүктеде кемінде елу күн зерттеу) жыл ішінде жүйелі зертханалық байқаулар материалдары бойынша РЕШК дейін атмосфералық ауаның атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық ластану деңгейіне қол жеткізудің объективті дәлелдері;
2) объектінің СҚА шекарасында және одан тысқары жерлерде жыл бойы тоқсан сайынғы негізде зертханалық байқау материалдары бойынша (шу, діріл, ЭМӨ) РЕШК дейін физикалық әсер ету деңгейлерін сақтаудың физикалық әсер ету деңгейіне қол жеткізудің объективті дәлелдері;
3) қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер үшін халықтың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелді бағалауды жүргізу;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте фондық шоғырлануды есепке алу (осы жерде атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған станциялары болған кезде);
5) объектілердің құрамын өзгерту және қайта бейіндеу;
6) қолжетімді ең жақсы әдістерді қолдану, тіршілік ету ортасына әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған озық технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту қондырғыларын және басқаларды енгізу негізінде жүзеге асырылады.