Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошақтарында алдын алу шаралары жалғасуда.
2025 жылдың наурыз айынан бастап Ұлттық сараптама орталығының мамандары 22895 иксод кенені жинап, зерттеді. Олардың 111-і КҚГҚ вирусына оң нәтиже көрсетті, бұл зерттелген кенелердің 5,4 пайызы індеттену деңгейін көрсетеді.
2025 жылдың 15 сәуірінен бастап табиғи ошақтарда кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды. Бүгінгі күніге дейін 14 елді мекенде өңдеу жұмыстары жүргізілді, және олар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
2025 жылғы 21 сәуірдегі бойынша шағудың 108 жағдайы тіркелді, оның ішінде 21 жағдай-эндемиялық елді мекендерде. Кенелер шағуынан зардап шеккендер арасында ауру жағдайлары тіркелген жоқ.
Халыққа арналған ұсыныстар:
- табиғи аумақтарға шыққанда, ашық түсті, ұзын жеңді киім киіп, шалбарыңызды шұлықтың ішіне салып киіңіз;
- кенелерді үркіту үшін репелленттерді қолданыңыз;
- табиғатта болғаннан кейін денеңіз бен киіміңізді кенелердің бар-жоғына үнемі тексеріп отырыңыз;
- малдарды қырқу және күту алдында жануарлар мен қора-жайларды акарицидтермен өңдеңіз;
- мал қораларын үнемі тазартыңыз, үй мен аула аумағындағы тазалықты қадағалаңыз;
- кене шаққан жағдайда жақын маңдағы медициналық мекемеге дереу жүгініңіз.
Уақытылы медициналық көмекке жүгіну және профилактикалық шараларды сақтау аймақта КҚГҚ-ның таралуын болдырмауға көмектеседі.