Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен реттеледі.
Өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені. Балаларға білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру ұйымдары өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжаттарын ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында жүргізеді. Өндірістік бақылауға жауапты лауазымды адам және әзірленген өндірістік бақылау бағдарламасы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Зертханалық зерттеулер мен сынақтардың номенклатурасы, көлемі мен кезеңділігі объектінің санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ескере отырып айқындалады. Зертханалық зерттеулер мен сынақтар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды тарта отырып жүзеге асырылады.
Балалардың жазғы сауықтыру ұйымдары үшін өндірістік бақылау азық-түлік (тамақ) шикізатының, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін, судың санитариялық-химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, сыртқы орта объектілерінен шайынды, ауа алмасу жиілігін, емдік балшықты (бар болса) микробиологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге зерттеу, сондай-ақ ұйымдардың санитариялық жай-күйін бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштерге зертханалық зерттеулерді, жүргізілетін профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстардың тиімділігін бағалауды қамтиды.
Өндірістік бақылау барысында ауытқулар анықталған кезде инфекциялық, паразиттік аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында балаларға білім беру, тәрбиелеу және сауықтыруды ұйымдарында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдайды. Объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне жартыжылдықта 1 рет ұсынылады.