
Жамбыл облысының амбулаториялық емханалық көмек көрсететін ұйымдарының, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының «Туберкулез инфекциясының қолданыстағы бұйрықтарының орындалуы бойынша» білім деңгейлерін арттыру мақсатында, 28.03.2025 жылы Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен онлайн режимде облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстың амбулаториялық емханалық көмек көрсететін ұйымдарының фтизиатр дәрігерлері, туберкулезге қарсы қызметті үйлестіруші дәрігерлер, иммунологтар, госпиталь эпидемиологтары, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, барлығы 133 медицина қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында туберкулез ауруының облыстағы эпидемиялық жағдайы, туберкулезді ерте анықтаудың маңызы, диагностикалаудың жылдам әдістері, инфекциялық бақылау шаралары, тыныс алу мүшелерін жеке қорғау, иммундаудың қауіпсіз практикасы, БЦЖ вакцинасын, Манту сынамасын егу тәсілдері, екпеден кейін тіркелген асқыну жағдайлары, қолданыстағы бұйрықтарының орындалуы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.