Ағымдағы жылдың 23 желтоқсаны күні облыстық фтизиопульмонология орталығында Zoom платформасында ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, облыстық фтизиопульмонология орталығы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Қордай, Мойынқұм аудандары, Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандары, облыстың амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдары бас дәрігерлері орынбасарлары, балалар бойынша құрылымдық бөлімшелер меңгерушілері, мектептер бойынша жауапты дәрігерлер, фтизиатр дәрігерлер, медицина қызметкерлерінің қатысуымен, 2024 жылдың 11 айына тіркелген туберкулездің асқынған жағдайы, балалар арасында бактерия бөлетін туберкулезбен тіркелген жағдайларды талдау бойынша отырыс өткізілді.
Отырыс барысында, жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тіркелу себептері, кемшіліктер анықталып, талқыланды, алдағы уақытта қайталанбауының алдын алу шаралары, ошақтарда туберкулезге қарсы атқарылған шаралар, облыстағы туберкулез ауруының эпидемиялық жағдайы туралы айтылды.