Гигиенист дәрігерлер ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру туралы ойлануы керек деп – кеңес береді!
Есіңізде болсын, баланың денсаулығын жақсартудың кез-келген түрін бастамас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс.
Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін терморегуляторлық аппаратты жаттықтыру және ағзаның қорғанысын дамыту арқылы балалар ағзасының ауруларға төзімділігін арттыру қатаюсыз мүмкін емес. Балалар денесі ауа-райының қолайсыз әсеріне төзімді болады, оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі артады және сырқаттанушылық төмендейді.
Суық сумен ағзаны шынықтыруды жыл бойы жасаған дұрыс, бірақ ыстық мезгіл – бұл процедураны бастау үшін ең қолайлы уақыт. Шынығу кезінде ішкі ағзалардағы қан ағымы өзгереді, метаболизм және дененің барлық жүйелерінің жағдайы жақсарады.
Шынығудың жалпы принциптерін сақтау маңызды: біртіндеп, дәйектілік, жүйелілік, күрделілік, шынығу процедураларының физикалық белсенділікпен үйлесуі. Сондай-ақ, баланың шынығу процедураларын жақсы көңіл-күймен орындауы маңызды, содан кейін нәтиже де жақсы болады.
Бастауыш сынып оқушыларын шынықтыруды 36 °C суға малынған сүлгімен сүрту арқылы бастауға болады. Әр 3 күн сайын судың температурасын 1-2 градусқа төмендетіп, оны 2-3 ай ішінде 10-12 °C дейін жеткізу қажет. Сүрту кезінде терезе ашық болуы тиіс. Аяқты жуу жақсы шынығу әсерін береді. Судың температурасын 28 °C бастап, оны біртіндеп 15-14 градусқа дейін жеткізу қажет. Жуғаннан кейін аяқты сүлгімен қызарғанша ысқылаған жөн. Жазда шынығу ашық су қоймаларында су температурасы 22 °C, ал ауа температурасы 24 °C болатын шомылу кезінде жүргізіледі.
Жоғарғы сынып оқушылары мен жасөспірімдеріне қалай дұрыс шынығу керектігін түсіндірсе, кейін өздігінен шынығуға қабілетті болады. Бұл мінезді дамытады және ерік-жігерді нығайтады. Жасөспірім жасында суда шынығу үшін су температурасы 20 °C-тан төмен емес суық душ қолданылады. Жасөспірімдердің ашық су қоймасында шомылу уақыты 20-25 минут.
Шынығу кезінде баланың жалпы жағдайын (тәбет, ұйқы, көңіл-күй) мұқият бақылауыңыз керек. Шынығу шыдамдылықты қажет етеді, егер шынығу баланың жақсы әдетіне айналса, Сіз оның денсаулығы үшін тыныш бола аласыз.
Балаларыңыздың жазғы демалысы иммунитетті нығайтуға және жаңа оқу жылына дайындалуға көмектессін!