Жас саңырауқұлақтардан, сонымен қатар кептіріліп маринадталған жас саңырауқұлақтардан дайындалған ас мәзірі - жоғарғы тағамдық сапасы бар құнды дәмді азық болып табылады.
Жас саңырауқұлақтардан дайындалған өнімді қолданар алдында оның қолайлы ортада өскен сапалы өнім екеніне көз жеткізген абзал. Жас саңырауқұлақтарды экологиясы таза таулы аймақтардан немесе далалық алқаптардан жинау керек. Жаңбырлы маусымда жас саңырауқұлақтарды жинап - теру науқаны басталады.
Жас саңырауқұлақтардың қала аумағында, автомагистралды жол бойында, бейберекет сауда орындарында сатылып жататынын байқауға болады.
Қазақстан Республикасы аумағында жеуге жарамды жас саңырауқұлақтардың 100-ден аса түрі өседі, ал, улы жас саңырауқұлақтардың 40 астам танымал түрі бар.
Алайда, жеуге жарамды жас саңырауқұлақтарды дұрыс таңдай білмеу, дұрыс өңдемеу, дұрыс пайдаланбау, дайындау технологиясының дұрыс сақталмауы адамдардың уланып, ауыр зардап шегуіне әкеп соқтырады.
Адамдар арасында өз денсаулығына немқұрайлы, жауапсыздықпен қарайтын жандар да бар, тіпті тамаққа күдікті немесе өздері тани білмейтін жас саңырауқұлақтарды пайдаланып жатады.
Облысымызда ақ саңырауқұлақтар, далалық шампиньондар, смарчок, опята, көк тұғырлы (синяя ножка) жас саңырауқұлақтары, ағаш түбінде өсетін (пеньковые) саңырауқұлақ түрлері кездеседі.
Жас саңырауқұлақтар жеуге жарамды, жеуге шартты жарамды (атап айтқанда, тағамға қолданар алдында арнайы аспаздық өңдеуді қажет ететін: смарчок және строчок, және жеуге жарамсыз уыт (токсин) бөлетін улы саңырауқұлақтарға бөлінеді.
Әдетте жедел улануларға септігін тигізетін жеуге шартты жарамды және улы саңырауқұлақтар.
Улы саңырауқұлақтардың ең көп тараған түрі түссіз (арамқұлақ) поганка, мухомор және әлжуаз жалған саңырауқұлақтар. Түссіз (арамқұлақ) поганка жас саңырауқұлақтармен улану өте ауыр жағдайда өтеді, уланған адамдарды аман алып қалу мүмкіндігі өте төмен, 90 пайызында қаза болады. Улы жас саңырауқұлақтадың құрамында бауыр мен бүйрекке ауыр зақым келтіретін уытты зат болады.
Жас саңырауқұлақтарды қалпағының астындағы пластинкаларының бояуына қарап ажыратады. Түссіз (арамқұлақ) поганканы шампиньондармен шатастырып алмау керек, яғни шампиньондардың қалпағының астындағы пластинкаларының бояуы қызғылт, ал түссіз (арамқұлақ) поганканың астындағы пластинкалары әрқашан ақ болатынын есте сақтау қажет. Шампиньондардың қалпағының астында жапырақшалар болмайды, тұғыры жіңішке болады және қалталанбайды.
Адамдар, бүйректің қызметіне зақым келтіретін құрамында гелвель қышқылы бар смарчоктар мен строчоктардан да улану мүмкін. Бұл жас саңырауқұлақтарды тамаққа пайдаланар алдында алдымен қайнатып алып, суын төгіп тастау керек. Сонда гельвель қышқылы сумен жуылып кетеді де өздері зиянсызданады.
Жеуге шартты жарамды жас саңырауқұлақтардан уланудың негізгі себептері:
- Жас саңырауқұлақтарды тағамға дұрыс пайдаланбау;
- Үй жағдайында дайындау технологиясын дұрыс сақтамау, консервілеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеу;
- Консервіленген жас саңырауқұлақтарды ұзақ мерзімге сақтау.
Жас саңырауқұлақтан уланудың алғашқы белгілері пайда болғанда (жүрек айнуы, құсу, әлсіздену) тез арада жедел жәрдем шақыру қажет. Жедел жәрдем келгенше уланған адамға тұзды суды (1 стақан суға 1 шай қасық ас тұзын салып араластырып) аз-аздап ішкізу қажет. Құсқаннан кейін, ұнтақталған белсенді көмірмен араластырылған су ішкізу керек. Науқастың аяғы мұздап, сіңірі тартылса аяғына ыстық сумен жылытқы зат басу қажет. Алғашқы көмек көрсетілгенге дейін уланған адамды ұйықтатуға болмайды. Уланған адамға ыстық қою қара шай, кофе, сүт пен бал жақсы әсер береді. Науқас адамға спирттік ішімдіктер беруге болмайды. Уланған адам мазаланып тынышсыздық пайда болса, онда науқасты жатқызып басына суық компресс жасау керек.
Қолданылған улы жассаңырауқұлақтың қалдығын (болған жағдайда) зертханалық зерттеуге жолдау қажет.
Улы саңырауқұлақтардан уланудың алдын алу үшін жеуге жарамды саңырауқұлақтарды үй жағдайында өңдеу, дайындау, консервілеу кезінде келесі қағидаларды қатаң сақтаған жөн:
- Топырақтан, құмнан, зиянкестерден тазартып, таза сумен жуыңыз;
- Жаңа терілген жас саңырауқұлақтар тез бұзылатындықтан оларды теріп - жинаған күні сұрыптап жуып, тұздап қайнату қажет және келесі күнге өңдеусіз қалдыруға жол бермеңіз;
- Жас саңырауқұлақтарды теріп жинағаннан кейін, оларды өңдеп, сұрыптап жуып бірден қайнатып қуырып тұздау керек.
- Кулинарлық өңдеудің алдында жеуге жарамды жас саңырауқұлақтарды тұзды суда 5-7 минут қайнатып, суын төгіп тастау керек;
- Тұздалған, маринадталған саңырауқұлақты беті ашық ыдыста 0-16 градус Цельсии температурада, бетін тек дәкемен (марлымен) жауып сақтау керек;
- Әр түрлі жас саңыруқұлақтарды бір-бірімен араластыруға болмайды;
- Тамақ дайындауға өзіңізге таныс емес немесе күдікті жас саңырауқұлақты пайдаланудан аулақ болыңыз;
- Бей берекет (жабайы) сауда орындарынан, күманды, күдік тудыратын үй жағдайында өңделіп, дайындалған жас саңырауқұлақтарды сатып алмаңыз,
Үй жағдайында өңделіп, дайындалған жас саңырауқұлақтарды пайдалану өте қауіпті, күдікті себептер байқасаңыз, оны пайдаланудан бас тарту керек екенін ескертеміз.