
Күн жылынып, көктем шыға бастасымен аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жататын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (әрі қарай – КҚГҚ) ауруының эпидемиологиялық маусымы да келеді. Яғни осы кезде табиғатта кенелер саны тез көбейіп, олардың ішіндегі ауру тасымалдаушы кенелер адам денсаулығына қауіп туғызады, олар кеміргіштердің індерінен жер бетіне шығып, жануарлар мен адамдарға шабуыл жасайды.
Адамдарға бұл вирус кененің тікелей шағуы, малды кенеден қолмен тазарту, жүнін қырқу кезінде және КҚГҚ-мен ауырған адамды күту барысында жұғады. КҚГҚ-сы – табиғи ошақтық аса қауіпті жұқпалы вирусты инфекция. Бұл аурудың аса қауіптілігі өлім-жітім көрсеткішінің өте жоғары болуында (30-40% аралығында). Қолданыстағы заңнамаға сай 2024 жылы Жамбыл облысы аумағындағы КҚГҚ – сының табиғи ошақ аумағына жатқызылатын елді мекен саны 46 елді мекенді (Мойынқұм ауданында - 14 елді мекені; Таласта - 9; Сарысуда - 12; Жамбылда - 2; Байзақта - 3; Шу ауданда - 6 елді мекен) құрап отыр.
КҚГҚ-сы ауруының алдын – алу мақсатында атқарылатын басты іс-шаралар мыналар болып табылады:
Біріншіден – вирусты кенеден адамға жұқтырмау шарасы, оған кене шақпау үшін сақтандыру киімін қолдану (жеңі ұзын жейде, шалбар); кене тез табылуға көмек беретін ақшыл түсті киімді кию, кенеге қарсы аэрозольді препаратты қолдану, кененің бар екенін тексеріп өзді-өздерін қарау, малдың кенеленбеуін қарастыру, кенеге қарсы препараттарды қолдану, кенесі көп аудандарға кенелердің өте белсенділігі кезінде негізсіз бармау шаралары;
Екіншіден – малдан адамға жұқтырмау шараларын қарастыру, оған жануарларға күтім жасағанда (баққан, сауған кезде және т.б.), мал сойғанда және үшасын жіліктегенде олардың қанымен, терісімен жанасқанда сақтандыру киімдерін пайдалану.
Үшіншіден – адамнан адамға жұғу қаупін азайту, оған науқаспен қатынаста болған жеке адамдардың және медицина қызметкерлері тарапынан жұқтырмау шараларын қарастыру, ауру күткенде арнайы медициналық киімдерді пайдалану, жеке басының гигиенасын сақтау болып табылады.
Ал егер кене шақса тез арада медицина мекемелеріне қаралуы қажет, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген жағдайдан кейін адам өзін нашар сезінгенде және дененің қызуы көтерілгенде, кем дегенде бас және бұлшық еттер ауырғанда, жүрек айнығанда, лоқсу сезімі пайда болғанда, іш ауырғанда немесе іш өткенде, яғни, аурудың алғашқы белгілері кезінде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.