Йоджетіспеушілік ауруының алдын алу

Йоджетіспеушілік ауруының алдын алу

     Йодтапшылық  жағдайы – жұқпалы емес аурулардың ішінде ең көп тараған түрі  болып табылады. Адам ағзасына тамағаммен, сумен енетін микроэлемент ретінде йодты жеткілікті жағдайда тұтынбау йод тапшылық ауруына (ЙТА) немесе йод тапшылық жағдайына (ЙТЖ) шалдықтырады. Соңғы онжылдықта, бүкіл әлем йодтың «Жасырын аштық» мәселесі адам денесінің өсуі мен ақыл-ойының дамуына төнген қатер екенін мойындады. «Жасырын аштық» мәселесі микроэлементтер мен витаминдердің созылмалы жетіспеушілігі шындығында қауіпті. Оның бір түрі – созылмалы  йоджетіспеушілік.

     Йодтапшылық ауруы (әрі қарай – ЙДА) қалқан безінің функциясы бұзылғанда йод жетіспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын ағзаның патологиялық жағдайы және адекватты йодты пайдаланғанда оның алдын алуға болады. Ағзаға йодтың аз мөлшерде түсуі йодтапшылығына байланысты ауруларды: эндемиялық зоб, тиреотоксикалық зоб, гипотиреозға әкеп соғады, сонымен қатар баланың зияткерлік дамуының кідіріуіне, кретинизмге, неврологиялық (көру және есту жүйелерінің зақымдануы) бұзылыстарға, нәресте өлімінің көбеюіне әкеп соқтырады.

     Қазақстан қоршаған ортадағы йод мөлшері кедей аймаққа жатады. Бұған  табиғаттық-климаттық жағдайлар, теңіздер мен мұхиттардан алыс материк тереңінде орналасуы, шөгінділердің түсуімен және қардың еруімен топырақтағы йодтың үнемі шайылып кетуі ықпал етеді. Йод өмірде қажетті микроэлементтердің  бірі, онсыз адам ағзасының қызмет етуі мүмкін емес.

     Йод тағамдық микроэлементке жатады: тәуліктік тұтыну мөлшері 100-200 микрограммды құрайды, адам бүкіл өмірінде не бары 3-5 грамм (1 шай қасық көлемінде) йод қолданады. Йод адам ағзасында қорытылмайды, ол тек сырқы ортадан түседі. Йод адам ағзасына тағам арқылы түседі. Адам ағзасына йодтың  негізгі түсу жолы – алиментарлық. Теңіз балығында және теңіз өнімдерінде йодтың шоғырлануы жоғары (800-1000мкг/кг құрайды), әсіресе теңіз балдыры мен теңіз қырыққабаты йодқа бай. Сүтте, жұмыртқа мен ет өнімдерінде, дәнді-дақылдарда йод құрамының шоғырлануы байқалады. Йод жетіспеушілікті толықтыру – тұзды (йодид немесе йодат калий арқылы) йодтау, оның ішінде көп қолданылатын тамақ өнімдерін: ас тұзын, нанды, су және басқа да өнімдерді йодтау арқылы толықтырылады. Күнделікті адекватты (теңбе-тең) йодталған тұзды қолданғанда тұздағы йодтың құрамы 1 килограммның 40 миллиграмдағы деңгейі орташа мемлекеттік стандартқа сай бекітілген. Сонымен, адам күніне тағаммен бірге 150-200 мкг адекватты йодталған тұздың көлемін қолданады.Тұз жыл бойына күнделікті әр-бір адам біркелкі деңгейде (8-10 грамм шамасында) қолданады. Материалдық жағдайы мен тағамдық құштарлығына қарамастан тұзды әр-бір үйдің  дастарханында  көруге болады.