Жылдың суық кезеңінің басталуына және ауа температурасының төмен болуына, сондай-ақ тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиялық маусымның басталуына байланысты балалар мен жасөспірімдер үшін білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында температуралық режимнің сақталуын қамтамасыз ету қажет.
Оқу жылының қысқы кезеңінде аурулардың алдын алу және білім алушылардың денсаулығын сақтау мақсатында балалардың уақытша және тұрақты орналасқан үй-жайларындағы ауа температурасының гигиеналық нормативтерін бағалаумен бір мезгілде жылыту, желдету жүйелерінің жарамдылығы мен жұмыс істеуіне, үй-жайлардағы желдету режимін сақтауға назар аудару қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-76 бұйрығының 41, 54-тармақтарына сәйкес жылыту кезеңінде ауа температурасы гигиеналық нормалау құжаттарына сәйкес айқындалады.
Нысандарда оңтайлы микроклиматтық жағдайлар жасалады (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы). Ауаның температурасын бақылау үшін білім беру, тәрбиелеу ұйымдарының ойын, оқу және жатын бөлмелерінде, сондай-ақ медициналық пункттің үй-жайларында термометрлер орнатылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы «Адамға әсер ететін физикалық факторларлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарының сыныптары мен аудиторияларында 18-23оС, мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында: бөбекжай және кіші топтарының топтық және шешінетін үй-жайларында 20-24оС, орта және мектепке дейінгі топтарда 18-25оС; бөбекжай және кіші топтарының жатын бөлмелерінде 19-23оС, орта және мектепке дейінгі топтарда 18-23оС, вестибюльдерде және баспалдақ торларында – 16-22оС температура шегінде рұқсат етіледі.
Жылыту маусымына дайындық мақсатында Жамбыл облысының департаментімен және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен аудандар әкімдіктеріне, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына және оның аумақтық бөлімдеріне микроклиматтың оңтайлы параметрлерін сақтау, бөлме термометрлерінің болуы, терезелерді жылыту және білім беру және тәрбие ұйымдарында жылыту жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуі, демалыс кезеңдері мен мерекелік демалыс күндерін қоса алғанда, қажеттілігі туралы түсіндіру хаттарын дайындады.
Білім беру ұйымдарында сабақтар сабақтың тоқтатылуын жариялау үшін қолайсыз ауа райы метеожағдайларының бекітілген ұсынылған көрсеткіштері негізінде жүргізіледі және білім беру ұйымы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және Білім басқармасының назарына жеткізіледі.
2022-2023 оқу жылында аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен ерекше тәртіп бойынша тексерулер барысында Жамбыл ауданында А. Әйтиев атындағы және Жуалы ауданында К. Сағындықов атындағы орта мектептерінде температуралық режимді сақтамау фактілері анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша хаттамалар толтырылып, 398190 теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды. Жаңа 2023-2024 оқу жылында мектептерді тексеру барысында температуралық режимнің сақталмау фактілері анықталмады.
Жасыратыны жоқ, қыс – бұл тыныс алу жолдарының аурулары маусымы, бірақ бұл суық ауа балалар мен жасөспірімдердің ағзасын ғана емес, иммундық реакциясында зақымдайды.
Осыған орай, білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында температуралық режим бойынша гигиеналық нормативтерді сақтау балалар ауруының алдын алу үшін өте маңызды.