Спред пен сары майдың айырмашылығын анықтайық. Сары майдың қалай дайындалатыны баршаға белгілі сиыр сүтін тартып, оның қаймағын шайқау арқылы жасалады. Сондықтан, майдың құрамында сүт пен кілегейден өзге бөгде қосынды болмауы керек.
Ал спред деген не? Спред – ол өсімдік және сүт майларының қосындысы негізінде дайындалған, жалпы майлылық үлесінің массасы 39%-дан 95%-ға дейінгі өнім. Спредке майдан басқа әртүрлі дәмдеуіштер, иістендіргіштер мен дәрумендер қосылады. Спредтің неше түрі бар – бұл өсімдік майы-май, өсімдік майы-сары май, сары май-өсімдік майы. Олардың әрқайсындағы сүт майының құрамы әр түрлі. Біріншісінде ол кемінде 15%, екіншісінде 15-тен 50%-ға дейін болуы тиіс. Сары майлы-өсімдік майлы спред ең майлы деп саналады, ондағы сүт майының үлесі – 50%. Дегенмен, спредтің тұрақты құрамында үнемі өсімдік майы болып қала береді. Алмастырғыш майын әзірлеу үшін пальма, күнбағыс, кокос майлары пайдаланылады.
Адамдар спредтен табиғи майды ажырата алу үшін тауардың заттаңбасын мұқият оқып, тек табиғи таза өнімді таңдаңыз.