Қандай сүт өнімдері қауіпсіз және сапалы?

Қандай сүт өнімдері қауіпсіз және сапалы?

      Сүт – бұл адамның дүниеге келгеннен бастап пайдаланатын алғашқы және негізгі тағамдардың бірі. Сүт ересектердің өмірінде де маңызды рөл атқарады. Сүт өнімін зиянды деп айтып жатқанымен, онымен жүздеген ұрпақ өсіп, адам денсаулығына пайдасын тигізуде. Әрине, өз алдына ерекшеліктеріде бар – бұл сүттің кейбір компоненттеріне адамдардың төзбейтіндігі, бірақ ондай жағдайлар көп емес. Сүт, сөзсіз, керемет өнім, бірақ оны қалай дұрыс таңдау керек? Сапалы өнімнің айырмашылығы неде?

      Алдымен сүттің қандай түрлері бар екенін анықтап алған жөн. Біз бәріміз сүт қаптамасындағы жазуларды байқаймыз: тұтас, қалыпқа келтірілген, пастерленген, қалпына келтірілген сүт, сүтті сусын. Дегенмен бұл нені білдіретінін барлығы түсіне бермейді.

      Сонымен, көпшілігі толық сүттің табиғи өнім екенін біледі, ол ешнәрсемен сұйылтылмаған немесе бөлінбеген, яғни одан май алынбаған немесе қосылмаған, әдетте кілегеймен жасалады.

      Егер сіз сүт өніміндегі майдың құрамына мән берсеңіз, онда сізге қалыпқа келтірілген сүт қажет. Оның майлылығы 0,5 % - дан 10% - ға дейін өзгереді, расында соңғы жағдайда – бұл кілегей.

      Пастерленген сүт белгілі бір уақыт ішінде 70 градусқа дейін өңделеді. Ондағы зиянды бактериялар жойылып, дәрумендердің көпшілігі сақталады. Мұндай тағамдар бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін сақталады.

      Зарарсыздандыру 100 және одан да жоғары температурада өңдеуді қамтиды. Зарарсыздандырылған өнім пастерленгеннен кейін ұзағырақ сақталады, бірақ оның құрамындағы витаминдер екі немесе одан да көп есе азаяды. Пастерленген тағамдар денсаулыққа пайдалы, ал зарарсыздандырылған өнімдер ұзақ сақталады және кей жағдайда тіпті тоңазытқышты қажет етпейді.

      Қоректік заттарды сәл көбірек сақтау үшін ультра жоғары температура режимі жиі қолданылады, яғни, сүтті 150 градусқа дейін қыздырып, содан кейін лезде салқындатылады. Мұндай сүт ультрапастерленген деп аталады.

      Құрамында сүті бар өнімдердің немесе сүтті сусындардың 50 % әртүрлі сүтке жатпайтын компоненттерден тұрады, олардың кейбірінде сүт компоненттері ұқсас келгенімен, өсімдік компоненттерімен ауыстырылады.

      Қалпына келтірілген сүтпен бәрі әлдеқайда оңай. Ол осыған дейін кептірілген, сондай-ақ қоюландырылған немесе концентрацияланған сүттен қалпына келтірілген болады.

      Сонымен, дұрыс сүтті қалай таңдауға болады? Біріншіден, сіз сүтті сақтау шарттарына назар аударуыңыз керек. Сүттің барлық түрлері, стерильденген және ультрапастерленгеннен басқасы, тоңазытқыш қондырғыларында сақталуы керек. Бұл жағдайда олардағы температура 2-6 градус аралығында болуы тиіс. Сондай-ақ, өнімнің жасалған күні мен жарамдылық мерзіміне қараңыз. Әдетте, пастерленген сүт бір аптаға дейін, ал зарарсыздандырылған сүт герметикалық қаптаманы қолданған кезде 6 айға дейін сақталады. Зарарсыздандырылған сүт ашық күйінде, контейнерсіз және тоңазытқышсыз үш күннен артық сақталмауы тиіс.

      Ең алдымен, сүт өнімдерінің жақсы күйде екеніне көз жеткізу үшін қаптаманы қарау керек. Егер ол қатты қаптама болса, онда ол ісінбеген, майыспаған, жыртығы жоқ болуы керек, ал болған жағдайда, бұл белгілі бір биологиялық процестердің бар екенін және бұл өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін немесе дұрыс емес жағдайда сақталғанын білдіруі мүмкін. Сақтау мерзімі қысқа, мысалы, толық сүт немесе ашытылған сүт өнімдері небәрі 72 сағат. Ал сақтау мерзімі ұзақ ультрапастерленген өнімдерді жай сөрелерде сақтауға болады. Олар пастерленген сүт сияқты температуралық режимді қажет етпейді.

      Алдағы уақытта сүт өнімдерін таңдағанда өз біліміңізге сенімді бола аласыз деген үміттеміз. Ал, біз өз кезегімізде мықты денсаулық пен сәтті сауда тілейміз!