Қауіпсіз ойыншықтарды қалай таңдауға болады?

Қауіпсіз ойыншықтарды қалай таңдауға болады?

     Әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен де жо­ға­ры. Ба­лаға ойыншық таңдау ата-ана­лар­­дан барын­ша ұқып­ты­лықты, жауап­кер­шілікті талап ететіні анық. Ойыншық түрлері өте көп және оларды өндіретін кәсіпорындар да жетерлік. Ойыншық таңдауда мейілінше мұқият болған дұрыс.

     Сондықтан, ойыншық сатып аларда ойыншықтардың таңбалануына, сапасы мен құрамына баса назар аудару қажет. Ойыншықтардың қорғаныш жабындысы ылғалды өңдеуге, сілекей мен терінің әсеріне тұрақты болуы тиіс. Бұдан кейін иісіне және ойыншықтардың пішініне назар аудару маңызды. Ойыншықтардың ұштары, қатты бөлшектері, серіппелері, бекітуші бөлшектері балаға қауіп төндірмеуі қажет.

     Сондай-ақ, қолға ұстағанда иісі шамадан тыс шығатын ойыншықтарды сатып алмағандарыңыз дұрыс. Ойыншықты сатып аларда қаптамасына назар аударыңыз. Қорабында мынадай ақпараттар міндетті түрде болуға тиіс: өнімнің атауы, Қазақстан Республикасының нарығында өнімді орналастыратын дайындаушының және тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы, ойыншықтың функционалдық мақсаты немесе оның қолданылу аясы, негізгі тұтынушылық қасиеттері және сипаттамалары, сәйкестік белгісі, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ойыншықты пайдалану кезінде ықтимал қатерлер және жасына қарай шек қою туралы ескертулер, анық үш жастан кіші балаларға арналмағандардан басқа, ойыншықтарға берілетін ақпаратта жасына қарай шек қоюды енгізу қажеттілігі түсіндірілуге тиіс, өндірілген күні, сақтау мерзімі мен шарттары қамтылады.

     Елімізде балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі Кеден одағының 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бойынша қадағаланады. Аталған техникалық регламент балалардың және оларға күтім жасайтын адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ ойыншықтарды сатып алушыларды (тұтынушыларды) олардың мақсаты мен қауіпсізді туралы жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында ойыншықтарға қойылатын талаптарды белгілейді.

     Күмән туындаған жағдайда сатып алынған ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұраңыз.

     Сатып алған жерді растау үшін Сізде сату түбіртегінің болуы керек екенін ескеріңіз.