Синтетикалық жуғыш заттар және тұрмыстық химия өнімдері

Синтетикалық жуғыш заттар және тұрмыстық химия өнімдері

     Біздің күнделікті өмірімізде синтетикалық жуғыш заттар және тұрмыстық химия өнімдері жиі кездеседі, онсыз тіпті үйді тазалау жұмыстарын елестету мүмкін емес, өйткені тазалық әр адамның жайлылығы мен денсаулығының негізі болып табылады. Синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия біздің барлық жүрген жерлерімізде орын алады. Сондықтан осы құралдарды дұрыс таңдау және одан әрі пайдалану мәселесіне ерекше жауапкершілікпен қарау керек.

     Ең алдымен, синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химияның мағынасына тоқтала кетейік. Синтетикалық жуғыш заттар - тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдаланылатын синтетикалық немесе табиғи беттік белсенді заттар негізінде жууға арналған құралдар, тұрмыста пайдаланылатын химия өнеркәсібінің өнімдері. Тұрмыстық химия тауарлары - бұл белгілі бір мақсаттарда жеке немесе композицияның құрамдас бөлігі ретінде қолданылатын химиялық зат немесе заттардың қоспасы (мысалы, желімді қатайтқыш және т.б.).

     Тұтынушылардың синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия тауарлары туралы шынайы ақпаратқа құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы        № 299 шешімімен «Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы» әзірленді және бекітілді.

     Синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия дұрыс пайдаланылмаған және сақталмаған жағдайда денсаулыққа қауіп төндіреді. Таңбалау өнімді анықтауға, қауіпсіз сақтауға және пайдалануға мүмкіндік береді. Синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия тауарларының тұтынушылық таңбалауы химиялық заттардың, климаттық факторлардың әсеріне төзімді, анық, түсінікті, оңай байқалатын және өшпейтін әріптермен жазылуы, өнімді пайдаланудың бүкіл мерзімі бойы сақталуы тиіс. Сонымен бірге барлық ақпарат міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілуі тиіс.

     Тұтынушыға арналған ақпарат ілеспе құжаттамада және/немесе тұтынушылық таңбалауда және/немесе қауіпсіздік паспортында қамтылуға тиіс.

     2022 жылғы өнім қауіпсіздігі мониторинг қорытындысы бойынша барлығы 189 синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия тауарларына іріктеу жүргізілді, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша 84 синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия тауарларының сынамалары Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді деп танылды. Өнім қауіпсіздігінің мониторингі барысында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне ұйғарымдар берілді.