Білім беру ұйымдарының ас блогы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес талаптар қойылады.
Білім беру объектілерінің ас блогындағы технологиялық операцияларға орындалатын жұмыстардың сипатына сәйкес келетін кәсіптік даярлығы (біліктілігі, мамандығы) бар және қолданыстағы санитариялық қағидалардың талаптарын сақтайтын персоналды тартады. Ас блогының әрбір қызметкері медициналық тексеруден және гигиеналық дайындықтан өтуі қажет. Міндетті, профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған, медициналық қарап-тексеруден және гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдар, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылатын осындай ауруларға күдікті адамдар, қол терісінің және дененің ашық беттерінің іріңді аурулары бар, жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бар адамдар (жіті респираторлық вирустық инфекция) жұмысқа жіберілмейді. Тамақ өнімдерін өндіру процесінде айналысатын адамдар ауру немесе симптомдар туралы, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелеріндегі ішек инфекцияларының барлық жағдайлары туралы медицина қызметкеріне немесе тікелей басшысына дереу хабарлайды. Науқастармен немесе осындай ауруларды тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар жұмысқа медициналық тексеру жүргізілгеннен кейін жіберіледі.
Күнделікті медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді, тамақтану сапасын мерзімді бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы объект басшысының бұйрығымен медицина қызметкерін, әкімшілікті, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, айқындалады.
Нысанда перспективалы маусымдық (жаз – күз, қыс – көктем) ұтымды, теңдестірілген екі апталық мәзір жасалады. Күнделікті асханада объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атаулары, әрбір дайын тағамның шығуы көрсетіледі.
Барлық білім беру объектілерінде қызметкерлердің асханалық еңбек жағдайлары мен жеке гигиена ережелерін сақтауы үшін жағдайлар жасалуы тиіс. Ас блоктарына қолды жууға арналған раковиналар орнатылады, қолды жууға және кептіруге арналған құралдармен қамтамасыз етіледі.
Тамақтану объектісінің қызметкері таза арнайы киіммен, сондай-ақ дайындалатын өнімнің ассортиментіне, тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бір реттік қолғаптармен тағамдарға қызмет көрсетуге және бөлуге байланысты қолды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Үй-жайларды жинау үшін жеке арнайы киім қарастырылады.
Арнайы киімді ауыстыру ластануына қарай жүргізіледі. Персонал тағамдарды ұсыну және бөлу, суық тағамдарды (салаттарды) дайындау кезінде бір рет қолданылатын қолғаптарды міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз етеді. Тұтастығы бұзылған жағдайда және жұмыстағы санитарлық-гигиеналық үзілістерден кейін бір реттік қолғаптар персоналмен жаңасына ауыстырылуы тиіс.
Ұйымдастырылған ұжымдар үшін қызмет көрсететін және дайындайтын тамақтану объектілерінде арнайы киімдерді жуу мен дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу ХАССП қағидаттарына негізделген оны өндіру кезінде дайындаушының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі рәсімдерін сақтай отырып, орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Тамақтану объектісінің персоналы және тамақ өнімдерін қабылдаумен, өндірумен, өлшеп ораумен, сақтаумен, тиеумен, тасымалдаумен, түсірумен, жеткізумен, өткізумен айналысатын адамдар жеке және өндірістік гигиенаны сақтауды қамтамасыз етеді:
- қолдың тазалығын бақылау, таза арнайы киім, аяқ киім мен жеке қорғаныс құралдарын кию қамтамасыз етіледі, жеке заттар арнайы киім мен аяқ киімнен бөлек сақталады;
- жеке шкафтарда немесе арнайы бөлінген орындарда жеке заттар, оның ішінде екінші және үшінші қабат киімдері, аяқ киім, бас киім қалдырылады;
- тамақтану объектісінен шыққан кезде және санитариялық торапқа (дәретханаға)барар алдында арнайы киім, алжапқыш, бас киім (шашқа арналған тор) арнайы бөлінген жерде шешіледі;
- жұмысты бастамас бұрын шаш бас киімге немесе шаш торына тығылады, зергерлік бұйымдар, сағаттар, сынатын заттар алынып тасталады, тырнақтар қысқа кесіледі және лакпен қапталмайды, ер қызметкерлер сақал (мұрты) болған жағдайда, тор кию пайдаланады;
- қол гигиенасы сақталады (жуу және дезинфекциялау (өңдеу): тамақ өнімдерімен жұмыс басталар алдында, санитарлық торапқа (дәретханаға) барғаннан кейін және өндірістік цехқа кірер алдында, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен кейін және ластанған заттармен жанасқаннан кейін, ластанған жабдықпен және (немесе) пайдаланылған ыдыспен жұмыс істегеннен кейін, жөтелгеннен және түшкіргеннен кейін қолды сабынмен немесе қол жуғыш затпен жуады, антисептикалық құралдармен дезинфекциялайды.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақ дайындауға, көкөністерді тазалауға, дайын тағамды таратуға, нан кесуге, ыдыс жууға, өндірістік үй-жайларды жинауға байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.