2022 жылғы 01 қаңтар мен 01 қараша аралығында облыс бойынша КВИ-ның 7632 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 665,1), оның ішінде симптомдық ағымы бар 7032 науқас, симптомсыз ағымы бар 600 науқас.
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен бастап КВИ-мен сырқаттанушылықтың тұрақты төмендеу үрдісі байқалады. Соңғы аптада 11 жағдай, ал соңғы тәулікте 3 КВИ жағдайы анықталды.
2022 жылғы 01 қарашасына облыс бойынша 767 462 азамат халық санының 66,9 %-ы және тиісті тұлғалардың 99,6 %-ы КВИ-ға қарсы 2 рет егумен қамтылды, 444 159 адам немесе тиісті тұлғалардың 78,58 %-ы ревакцинацияланды, және 58 704 адам немесе тиісті тұлғалардың 40,2 %-ы қайта ревакцинацияланды.
Пандемияның жалғасуын және респираторлық инфекциялардың күзгі-қысқы маусымының басталуын ескере отырып, медицина қызметкерлері барлық азаматтарды қайта вакцинациялауға, КВИ-ға қарсы қайта ревакцинациялауға шақырады.
Сондай-ақ, мүмкіндігінше, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуды, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын сақтауды және жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде бетперде киюді ұсынамыз.