Темекі шегу бала ағзасының әртүрлі жүйе ауруларының дамуына ықпал етеді, зат алмасудың нашарлауына әкеледі.
Темекі шегу кезінде көмірқышқыл газының көп мөлшері баланың қанына енеді. Көмірқышқыл газы гемоглобинмен әрекеттесіп, оттегін алмастырады. Жоғары концентрацияда ол тіпті дененің оттегі ашығуына байланысты өлімге әкелуі мүмкін.
Балалардың темекі шегуі, олардың өсуінің тежелуіне, жасөспірімнің физикалық дамуынан артта қалуына әкеледі. Психикалық аурулар мен психологиялық тәуелділік пайда болуы мүмкін. Балаларда бұлшықет жүйесінің патологиясы тіркеледі, жүрек, өкпе, бауыр аурулары байқалады.
Никотинге бірінші болып баланың миы жауап береді. Оттегінің толық жетіспеуінен мидың жүйке жасушаларының қызметі тежеледі. Темекі шегетін жасөспірімдерде оқу үлгерімі мен физикалық белсенділігі төмендейді.
Жасөспірім баланың тыныс алу және ас қорыту жүйесі егде жастағы адамдарға қарағанда әлдеқайда белсенді, өйткені уытты заттар балалардың денесінде тез сіңеді.
Балалардағы никотинге тәуелділік өте тез туындайды, сондықтан жасөспірімдерге темекі шегуді алдын-ала ескерту керек. Салауатты өмір салтын насихаттау, ата анадан бастап мұғалімге дейінгі барлық ересектердің міндеті.
Білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 110 – бабы 5-тармағының 1-тармағына сәйкес – «Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» тұтынуға тыйым салынады.
Балалардың темекі шегуінің алдын алу үшін, ата-аналардың қолдауы, мұғалімдердің, дәрігерлердің түсіндіру жұмыстары — өте қажет.