
Конституция - мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының, әрбір Қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының, жетістіктерінің берік кепілі! Қазақстан Республикасының мемлекетін нығайтуда 1995 жылы Конституцияның қабылдануы аса маңызды рөл атқарды. Елдің саяси өмірін демократияландыру жөніндегі және экономика мен меншік қатынастарын ырықтандыру жөніндегі мемлекеттік шаралар - Қазақстанның әлеуметтік дамуына, өзінің барлық жағынан біртұтас әралуандылығына жаңа серпін берді. Біздің көпұлтты мемлекетіміздің тұрғындарының болашағы - барлық азаматтардың құқықтарының толықтығын, олардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ете отырып, азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтаумен тығыз байланысты екенін айқындады.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін айғақтады. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктерді қамтыды.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет деп жариялап, құқықтары, бостандықтары мен міндеттері бар адамды бірінші орынға қойды.
Ата Заңы арқасында біз елімізде тиімді құқықтық жүйені орнықтырып, экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізді, елімізде тұрақтылықты қалыптастырды.
Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.
Сіздерді келіп жеткен Конституция күнімен құттықтаймын. Еліміздің басты құндылықтары – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, келісім мен тұрақтылық тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Ізгі ниетпен, Жамбыл облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті!