Қазіргі таңда, көптеген елдерде микронутриенттер, соның ішінде, темір тапшылығының мәселесі жаппай тұтынылатын тағам өнімдерін дәрумендермен және минералдармен байыту есебінен (ұн, нан -тоқаш, макарон, кондитер өнімдері, сүт өнімдері, шырындар, сусындар) тиімді шешілуде.
Халықаралық ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда 2003 жылдан бастап бірінші және жоғары сұрыпты бидай ұнын алты микронутриентпен: темірмен, мырышпен, және 4 дәруменмен (В1, В2, фолий және никотин қышқылдарымен) байыту (фортификациялау) бағдарламасы басталды. Ұнды осы алты микронутриентпен байытуға арналған премикстерді (қоспа) Қазақ тағамтану академиясы әзірлеген.
Бидай ұны келесі себептер бойынша байытуға (фортификациялауға) оңтайлы өнім болып табылады:
- тұрғын халықтың барлық жас ерекшеліктеріне және әлеуметтік топтарының үлкен бөлігі тұтынатын бұқаралық азық- түлік өнімі;
- дәрумендер мен минералдардың олардың ағзада оңтайлы қорытылуын қамтамасыз ететін шағын күнделікті дозалары қолданылады;
- қауіпсіздігі, яғни, өнімді денсаулыққа қауіпті болатын мөлшерде тұтынудың мүмкін еместігі;
- қосылған дәрумендер мен микроэлементтер – астықтың табиғи құрамдас бөліктері, олардың көпшілігі тарту үдерісінде жоғалады, яғни, жаңа элементтер енгізілмейді;
- құнының тұрғын халықтың ең мұқтаж бөлігіне қолжетімді болатындай тиімділігі және жоғары болмауы;
- қолданымдағы технологиялық үдеріске оңай кірігіп кету (ұнтақты ұнтаққа қосу), басқа тағам өнімдерінің мұндай артықшылығы жоқ;
- сыртқы түрінен, пісірілу сапасынан немесе сақтау мерзімдерінен көрініс беруі мүмкін теріс әсерлерінің болмауы.
Ең көп таралған астық дақылдары – бидай мен қара бидай өз алдарына В1, В2, В6, Е дәрумендері, ниацин, сондай-ақ, темір мен мырыштың өте жақсы көздері болып табылады.
Темірдің түрін және дәруменді-минералды кешеннің (премикс) құрамын таңдағанда келесі факторлар ескеріледі:
Фортификацияланған ұн мен одан даярланатын өнімдерді тұрғын халықтың барлық бөлігінің жаппай және ұдайы пайдалануына қол жеткізгенде анемияның таралуын түбегейлі төмендетуге және адамдардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізуге болады.
Үй жағдайларында жаңа өнімді пайдалану және оны тұрақты рационға қосу ағзаны дәрумендермен және микроэлементтермен қамтуды, денсаулық сақтауды едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, ал білім беру саласында оқушының оқу үлгерімін арттыруға көмектеседі.
2022 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жағдай бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында 8 ұн тарту нысаны бар. Барлық объектілер жеке меншікте, астық-шикізат түсіміне, тапсырыстарға және өткізудің болуына байланысты мерзімді, маусымдық жұмыс істейді.
2022 жылдың 1 – ші жартыжылдығында "AKSARAI EXPORT 2012" ЖШС жұмыс істеп, жоғары және бірінші екінші сұрыптағы фортификацияланған бидай ұнын шығарды.
Облыс аумағында келесі дайындаушылардың фортификацияланған (байытылған), жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны сатылады:
Бақыланатын объектілерде, оның ішінде ұйымдастырылған ұжымдар үшін тамақ өнімдеріне қызмет көрсететін және дайындайтын қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақ өнімдерін өндіруді (дайындауды) және жоғары және бірінші сұрыптағы фортификацияланған бидай ұны айналымын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеуге (темірдің, уытты металдардың болуына) 14 сынама алынды, зерттеу нәтижесі бойынша гигиеналық көрсеткіштерге сәйкес келеді.