«Елге қызмет» бағдарламасының басты мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін түсіндіру арқылы бұзушылықтарды азайту, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік аппаратқа сенімділігін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігінің қанағаттану деңгейін арттыру.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп «Елге қызмет» арнайы телевизиялық бағдарламасының жоспарын бекітті.
Бекітілген жоспарға сәйкес, түсірілім екі бағытта жүргізілді. Бірінші: Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) базасына шығу, қызмет көрсетуді бақылау және жұмыс барысымен танысу. Сұхбатты түсіру барысында, Департамент басшысының орынбасары Н. Муликова Департаменттің жалпы қызметі туралы, аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы К. Рахимов және коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы С. Алишева бөлімдерде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы айтып берді.
Ал екінші бағыт - телестудияда бірінші бағыттағы түсірілім сұрақтарын талқылау, мемлекеттік қызмет алушылардың сұрақтарына жауап беру және проблемалық мәсселелерді шешу жолдарын талқылау. Департамент басшысының м.а. С. Алибаева тікелей эфир түсіріліміне қатысып, облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.