Күйдіргі. Қауіпсіздік және алдын-алу шараларын сақтаңыз!

Күйдіргі. Қауіпсіздік және алдын-алу шараларын сақтаңыз!

Күйдіргі – малдан адамға жұ­ғатын аса қауіпті жұқпалы ауру­лардың бірі. Жа­нуарлар күйдіргі ауру­ын алиментарлы жол арқылы (шөп­пен, сумен, жеммен бірге топырақты жұтып) жұқтырады. Күйдіргі ауруының қоздырғышы (микробы) сыртқы ортаның әсеріне өте шыдамды, ол спораға айналған соң 120-160 градус ыстыққа 2-3 са­ғат­қа дейін өлмейді. Спорлар топы­рақта бірнеше жылдарға (кейбір де­рек­терде 120 жылға) дейін шыдайды. Малдың немесе адамның денесіне ен­генде спорлар тез арада өзгереді, ауру қоздыратын түріне қайта айналады. Малдар бұл аурудың қоздырғыш­тарын көбінесе жаз, күз айларында шөбі қысқа, күйдіргіден қолайсыз деп есептелінетін жайылымдардағы топырақтан, судан немесе ауырған малдың етінен, сүйегінен жасалатын жемнен, т.б. жұқтырады. Адамдар ауру малмен тікелей қатынаста болған кезде яғни малды сойғанда, терісін сыпырғанда және ондай малды тасымалдау кезінде, ауруды жұқтырады  және де  ауру малдың айналасындағы топырақтан, жем, шөптен, жұғуы  мүмкін.        

Күйдіргі сияқты аса қауіпті ауру­дың алдын алу үшін қандай шаралар жасау керек: малдарды түгелдей күйдіргіге қарсы егу, малдары кенеттен ауырған немесе өлгенде міндетті түрде мал дәрігеріне хабарлау. Малды соятын не­месе сататын жағдайда, алдын-ала мал дәрігеріне көрсетіп анықтама алу, ветеринарлық басқармалары картаға түсірілген күйдіргіден қолайсыз деген мекендерде алдын-ала мал жайылым­да­рының шекараларын анықтап, мал­ды қауіпті аймақтарға жақын­дат­пау қажет.

Жерасты су көздерін ашатын, құдық қазатын жағдайларда және жаңа нысандарды салу кезінде сондай-ақ қандай да бір объектілерді салу кезінде күйдіргі көмінділерінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты ескеру қажет.

Мал тағамдарын (ет, сүт) жабайы сау­да­дан сатып алмау қажет. Аурудың алғашқы белгілері байқаған мезетте дәрігерге көріну  қажет.

2022 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында халықтың күйдіргімен сырқаттануының 5 жағдайы тіркелді, оның ішінде Жуалы, Жамбыл және Сарысу аудандарында 1 жағдай, Талас ауданында-2 жағдай, Тараз қаласында - 5 жағдай.