
Ауруханаішілік инфекциялар – бұл медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция – медициналық көмектің кез келген түрін көрсетумен байланысты (медициналық стационарларда және амбулаториялық-емханалық, білім беру, санаторлық-сауықтыру мекемелерінде, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде, жедел медициналық көмек көрсету, үйде көмек көрсету кезінде) немесе медициналық көмекті алғаннан кейін инкубациялық кезең ішінде пайда болған инфекциялар жағдайлары, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметі нәтижесінде инфекция жұқтыру жағдайлары;
Инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шыққаннан кейін инкубациялық кезең ішінде анықталған инфекциялық аурулар осы медициналық ұйым бойынша МККИ ретінде есепке алынуға жатады:
1) жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – жеті тәулік ішінде, генерализацияланған нысандары (сепсис, остеомиелит, менингит) – шыққаннан кейін отыз тәулік ішінде;
2) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты аурулар эндометрит, іріңді мастит, сепсис, перитонит – шыққаннан кейін отыз тәулік ішінде.
Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шыққаннан кейін отыз тәулік ішінде анықталған хирургиялық араласудың асқынулары имплантант болған жағдайда – операция өткізілгеннен кейін бір жыл ішінде.
Инфекциялық емес бейіндегі медициналық ұйымдарда пациентте айналасына эпидемиологиялық қауіп төндіретін инфекциялық ауру анықталған кезде ол изоляторға ауыстырылады. Үй-жайға қорытынды дезинфекция және төсек жабдықтарына камералық дезинфекция жүргізіледі. Изолятор болмаған жағдайда инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттер тиісті инфекциялық ауруханаларға немесе бөлімшелерге ауыстырылуға жатады.