"Маймыл шешегі туралы не білуіміз қажет" тақырыбында брифинг өтті

"Маймыл шешегі туралы не білуіміз қажет" тақырыбында брифинг өтті

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін инфекциялық ауру.

Батыс Африка елдерінде таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д’Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Африкадағы ауырған адамдар саны 2016 жылдан бастап жылдам өсуде, ресми деректер бойынша ауру 20 есе көбейген. Аурудың барынша үлкен өршулері Нигерия мен Конгода тіркелуде.

Инфекция көзі. Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі – жабайы жануарлар: приматтар және кеміргіштер (тиіндер).

 Инфекция ауру жануардың қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған кезде, сонымен бірге ауру жануардың етін жегенде жұғады.

Берілу жолдары.

  • Жабайы жануарлармен байланыста болу – приматтар (маймылдар) және кеміргіштер (тиіндер);
  • маймыл шешегі ауруымен ауыратын адаммен тығыз физикалық байланыста болу (вирус организмге зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді).
  • ауа-тамшы жолымен (науқас адаммен жабық үй-жайда бірге болғанда) және терінің зақымдалуы арқылы немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттарды ұстағанда жұғады.

Клиникалық көрінісі.

Инкубациялық кезеңі – 5 күннен 21 күнге дейін. Адамдардағы клиникасы – жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бастың айналуы.

Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, кездейсоқ өздігінен емделуі мүмкін.

Шет елдерге шығатын адамдарға ұсынымдар.

Жазғы каникулдың және демалыс маусымының, басталуына байланысты мынадай кеңес береміз:

1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) (әсіресе балалармен) бармауды ұсынамыз;

2) шет елдерге шыққан кезде жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс жасамау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішпеу, тамаққа тек термиялық өңделген етті (өнімдерді) пайдалану, адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтықты, маскаларды, дезқұралдарды) пайдалану, қол және тыныс алу ағзаларының гигиенасын сақтаңыз.

3) Егер сапардан келгеннен кейін 3 апта ішінде ауырсынуды, температураны, бөртпені (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз, міндетті түрде шет елде болғаныңыз туралы хабарлап, тез арада жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз.

 

 

 

Қазақстандағы жағдай

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ.

Жағдай Денсаулық сақтау ұйымдарының тұрақты бақылауында.