Дерматомикоздар трихофития және микроспория сияқты түрлерге бөлініп адамдар мен жануарларды зақымдайтын жұқпалы тері ауруларының қатарына жатады. Дерматомикоз ауруларының қоздырғыштары – грибоктар, жануарлар мен адамдарда кездесетін түрлері көп (мысық, ит, тот басқан тәріздес). Зақымдану ауру адамдар мен жануарлар арасындағы тікелей қарым-қатынас пен тұрмыс жабдықтары (төсек, тарақ, қырыну заттары, жөке) арқылы жұғады.
Грибоктар терінің үстіңгі және де терінің терең қабаттарын, сонымен қатар шашты зақымдайды.
Дерматомикоз аурулары мезгілділігі мен ерекше жоғары жұқпалығымен ерекшеленеді. От басы және ұйымдастырылған ұжымдарда дерматомикоз ауруларының өршуі күз-қыс мезгілдерінде өтеді.
Облыс бойынша жылсайын 300 жағдайға жуық дерматомикоз аурулары тіркелінеді. Ауырғандардың 60 пайызы балалар. Облыс бойынша Жамбыл, Жуалы, Талас аудандары және Тараз қаласы қолайсыз болып есептеледі.
Балалар арасында грибок ауруларының ең көп тараған түрі микроспория. Балалардың зақымдануы көбінесе ауру адамдар және ауру жануарлармен тікелей араласта болғаннан кейін, сонымен қатар грибок элементтерімен кірленген заттар арқылы жұғады.
Микроспория ауруы бастың шаш бөлігі мен жылтыр теріні зақымдайды. Дененің тері, бет және аяқ бөліктерінде дөңгелек тәрізді қызғылт түсті теңбіл, , ақшыл-сұр қабықпен жабылған, жеңіл қышыма пайда болады. Шаш түскіш болып кетеді.
Терінің терең зақымданулары көбіне дененің ашық жерлерінде кездеседі. Терінің зақымданған жерлері, терінің қызғылттанған жерлерінде көбік тәрізді және қабықтанған түрі пайда болады.
Зақымдану көбейгенде элементтер қосылып, алқа тәріздес төгілу пайда болады. Көбікшелер кеуіп, жоғарғы қабыршақтар және түлеу таңбалары қалады.
Тері ауруының алдын алудың ең маңызды іс-шаралары:
- жеке бас тазалығын сақтау;
- бөтен тарақты қолданбау;
- моншалар мен сауналарда жеке жабық резина аяқ киімдер пайдалану;
- үйдегі жануарларды, иттерді, мысықтарды уақтылы мал дәрігерлеріне көрсетіп, тексеруден өткізу.