Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша мамандармен жиналыс өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша мамандармен жиналыс өтті

2022 жылдың 20 сәуірінде Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (әрі қарай -Департамент) басшысы Б.С.Шиналиевтың төрағалық етуімен, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Б.А.Асаиновтың және ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мемлекеттік шекарадағы санитариялық қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру басқармасының басшысы Н.Ж.Ерубаевтың қатысуымен Департамент қызметкерлері, Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына, басшы орынбасары, бөлім басшылары және Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының басшысы (46 қызметкер)  қатысуымен жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде, Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік шекарада тәртіп орнату мәселелері қаралып, сыбайлас жемқорлықпен күресті жандандыруды тапсырды.

      Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  сыбайлас жемқорлық көріністерін бұқаралық ақпарат құралдарына (веб-сайт, facebook. Instagram және т.б.) ұдайы  ораналастыру туралы айтып өтті. 

Жиналыс барысында, Департамент басшысы Б.Шиналиевке сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Ал, мемлекеттік шекарадағы мәселелер бойынша Департаментпен берілген ұсыныстар ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен қаралып, алдағы уақытта шешім шығарылатындығы туралы айтылды.