
Жамбыл облысында коронавирус
бойынша эпидемиологиялық жағдай
2021 жылғы 01 қаңтардан 15 қарашаға дейін облыс бойынша КВИ-дың 16160 жағдайы тіркелді, оның ішінде симптомдық ағымы бар 13176 науқас, симптомсыз ағымы бар 2984 науқас.
Өткен тәулікте облыс бойынша инфекцияның 9 жағдайы тіркелді. Аумақтар бойынша: Тараз қаласында – 4 жағдай, Жамбыл мен Сарысу ауданындарында – 1 жағдайдан және Шу ауданында – 3 жағдай тіркеліп отыр.
Жас құрамы бойынша тіркелуі: 14 жасқа дейінгі балалар арасында үлес салмағы - 11,1% (1 жағдай), 15-19 жас аралығында - 11,1% (1 жағдай), 20-29 жас аралығында -22,2% (2 жағдай), 30-39 жастағы тұлғалар арасында -11,1% (1 жағдай), 40-49 жас аралығында - 11,1% (1 жағдай), 50-59 жас аралығында - 11,1% (1 жағдай), 60-69 жас аралығында - 22,2% (2 жағдай).
Профқұрамы бойынша: оқушылар арасында – 22,2% (2 жағдай), жұмыс істемейтіндер - 33,3% (3 жағдай), басқа жұмыс істейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 11,1% (1 жағдай), зейнеткерлер – 22,2% (2 жағдай), оқытушылар (ұстаздар мен тәрбиешілер) –11,1% (1 жағдай).
15 қараша күні 12 ошақ тіркелді, оның ішінде 9 үй, 3 жұмысшы ошақтары. Байланыста болған 7 тұлға анықталды.