Жамбыл облысындағы коронавирустық инфекция бойынша 2021 жылғы 18 мамырындағы эпидемиологиялық жағдай

Жамбыл облысындағы коронавирустық инфекция бойынша 2021 жылғы 18 мамырындағы эпидемиологиялық жағдай

Жамбыл облысы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтары мен 18 мамыры аралығында COVID-19-дың 3762 жағдайы тіркелді, (көрсеткіші – 330,4), оның ішінде симптомдық ағымы бар 2654 науқас, симптомсыз ағымы бар 1108 науқас.

2021 жылдың басынан бастап сырқаттанушылық көрсеткіштерінің  аумақтық жағдайлары бойынша (теңдестірілмеген пневмонияны есепке алмағанда) :

1) 1) Тараз қ. –100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші 584,4/2118 жағдай;

2) Байзақ ауданы –328,6/360 жағдай;

3) Жамбыл ауданы – 189,3/159 жағдай;

4) Жуалы ауданы –228,7/121 жағдай;

5) Қордай ауданы - 357,7/521 жағдай;

6) Т. Рысқұлов атындағы ауданы –89,2/58 жағдай;

7) Меркі ауданы – 62,4/53 жағдай;

8)Мойынқұм ауданы - 212,3/68 жағдай;

9) Сарысу ауданы - 69,7/31 жағдай;

10) Талас ауданы - 71,2/39 жағдай;

11) Шу ауданы –209,1/215  жағдай;

12) Әкелінген жағдайлар- 1,7/19 жағдай.

Статустар бойынша:

1) әкелінген жағдайлар – 19 (0,5%);

2) байланысшылар арасында – 938 (24,9%).

3) жергілікті жағдайлар – 2805 (74,3%).

Жас құрамы бойынша: 14 жасқа дейінгі балалар - 389 (10,3%), 15 - 19 жас – 171 (4,5%), 20 - 29 жас - 504 (13,4%), 30-39 жас – 628 (16,7%), 40 - 49 жас – 532(14,1%), 50 - 59 жас – 553 (14,7%), 60 - 69 жас – 609 (16,2%), 70 және одан жоғары –376(10,0%).

Гендерлік құрам бойынша 44,4% (1671 жағдай) жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары ерлер, 55,6% (2091 жағдай) әйелдер.

        Барлығы 6852 жағдаймен 5490 үй ошағы тіркелген (U 07.2 қоса алғанда):

Инфекция ошақтарында 20857 байланыста болған адам анықталды, бақылау мерзімі аяқталғаннан кейін 17811 контактілер бақылаудан алынды. 5155 ошақта "Ұлттық сараптама орталығы" Жамбыл облыстық филиалы қорытынды дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, 100% қамтылды.