Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды және тамақ объектілерін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды және тамақ объектілерін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы

Облыс тұрғындары арасында тамақтан уланудың алдын алу және ішкі тұтыну нарығын қауіпті тамақ өнімдерінен қорғау мақсатында 747 қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақ өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және өткізуді жүйелі қадағалау жүзеге асырылады.

Облыс бойынша 2020 жылы Ерекше тәртіп бойынша және жоспардан тыс қоғамдық тамақтану объектілеріне 63 тексеру жүргізілді, 39 объектіде бұзушылықтар анықталды, анықталған бұзушылықтардың үлес салмағы 61,9% - ды құрады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9 526 635 теңге. ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 37 ұйғарым берілді.

747 қоғамдық тамақтану объектілерінің 339 Тараз қаласының аумағында орналасқан,  атап айтқанда бұл 45,4 % құрайды, оның ішінде:

- ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану объектілері - 20;

- 50 - ден астам отыратын орны бар тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері - 165;

-  отыратын орын саны 50 орыннаны кем тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері - 154.

Жамбыл облысының аумағында жаңа коронавирустық инфекция (COVID-19) жағдайларының тіркелуіне байланысты, оның халық арасында одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, инфекция ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында негізгі жұмыс КВИ алдын алуға бағытталды. Санитариялық – эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бірқатар қаулылары шығарылды. Адамдар көп жиналатын нысандарды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Қоғамдық тамақтану объектілері тіршілік көзін қамтамасыз ету объектілері ретінде тоқтатылған жоқ. Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін арнайы шектеу режимі енгізілді. Отыратын орын саны 50 кем қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс істеуіне тыйым салынбаған, сондай-ақ өнімдерді онлайн жеткізуге шығаруға және пайдалануға рұқсат етілген болатын.

Пандемия жағдайында объектілердің жұмысына қатысты мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлерден шағымдар мен өтініштердің жиі түсуіне байланысты қызмет мамандары жазбаша түсініктемелер дайындады, консультациялар өткізілді, бетперде режимін сақтауды, әлеуметтік қашықтықты және адамдардың жиналуына тыйым салуды бақылау бойынша объектілерге жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылды.

2021 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша облыс бойынша мониторингтік топтардың мүшелері карантин кезеңінде қызмет талаптарын сақтамағаны үшін қоғамдық тамақтану объектілерінде 69 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады, оның ішінде 48 хаттама Тараз қаласы бойынша, 10 – Қордай ауданы бойынша, 5 - Шу ауданы бойынша, 3 - Талас ауданы бойынша, Байзақ, Меркі және Мойынқұм ауданы бойынша 1 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша жасалды.

Қазіргі таңда "Нұр Отан" ХДП өңірлік филиалдарымен және "Атамекен Одағы" Ұлттық экономикалық палатасымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша өзара іс-қимыл жалғасуда. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар, құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтар, облыс кәсіпкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қызмет жұмысы мәселелері бойынша онлайн режимде тұрғындармен "дөңгелек үстелдер", баспасөз конференциялары ұйымдастырылуда.

Департаменттің және аумақтық басқармалардың мамандарымен өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша кәсіпкерлерге (коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай жағдайында 15 минуттан артық емес) күнделікті консультациялар өткізеді, сондай-ақ мамандармен әлеуметтік желілердегі аккаунттарына келіп түскен сұрақтары бойынша жауап береді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің жұмысы кәсіпкерлік үшін рәсімдердің ашықтығын сақтай отырып жүргізіледі, біздің мамандар заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес ынтымақтасуға, облыстың кез келген ақпараттық алаңдарында жетекшілік ететін мәселелер бойынша сөз сөйлеуге әрқашан дайын дайын.

Жағымсыз фактілер анықталған жағдайда кәсіпкерлер, Facebook және Instagram-дағы біздің қызметіміздің әлеуметтік аккаунттарына, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық басқармаларына тікелей хабарласа алады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мәселелері туралы ақпарат ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтының бетінде де орналастырылған.

Қызметтің жұмысы әрі қарай жалғасын табатын болады және денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қабылданған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге, халықтың салауатты өмір салтының стереотиптерін қалыптастыруға және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.