Химиялық уланудың алдын алу

Химиялық уланудың алдын алу

Химиялық улану – тұрмыстық химия (жуу, тазалау, ыдыс-аяқ жуу және т.б.) немесе тыңайтқыштармен ұқыпсыз жұмыс істеген жағдайда, сондай-ақ өндірісте қолданылатын дәрілік заттар, бояулар және химиялық қосылыстардан болады.

Улану белгілері:

Бас айналу, жүрек айну, көздің ашуы, әлсіздік.

ХИМИЯЛЫҚ УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ:

химиялық заттарды, соның ішінде тұрмыстық химияны, дәрі-дәрмектерді және тазалау құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде, тығыз жабық контейнерлерде сақтау;

жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және қажет емес химиялық заттарды қолданбау;

химиялық заттарды, соның ішінде тұрмыстық химияны пайдаланған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығып, қаптамадағы ұсыныстарды қатаң сақтау;

химиялық заттармен жұмыс істегенде тиісті жеке қорғаныш құралдарын пайдалану (қолғаптар, маскалар, көзілдірік және қорғаныс киімдері);

улану белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.