2026 жылғы Дүниежүзілік қол гигиенасы күні өткізілгендігі туралы

2026 жылғы Дүниежүзілік қол гигиенасы күні өткізілгендігі туралы

«2026 жылғы Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне» орай Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бірлескен бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 5 мамыр күні облыстың медициналық ұйымдарында кең ауқымды акциялар ұйымдастырылды.
Іс-шаралар аясында қол гигиенасының маңыздылығы туралы бейнероликтер көрсетіліп, медициналық ұйымдарда ақпараттық материалдар мен плакаттар орналастырылды. Медициналық қызметкерлердің қатысуымен семинар-сабақтар өткізіліп, қолды дұрыс жуу және инфекциялардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
«Қол гигиенасы» тақырыбындағы бейнероликтер мен флешмобтар Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланып, тұрғындар арасында кеңінен насихатталды. Аудандық газет бетіне арнайы мақала жарияланып, халыққа қол гигиенасын сақтаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.