Адам папилломасы вирусы

Адам папилломасы вирусы

АПВ – көптеген қатерлі ісіктердің, соның ішінде жатыр мойны обырының дамуына байланысты ең көп таралған вирустардың бірі.

Бүгінгі таңда АПВ-дан ем жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинациялау.
Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің АПВ-ны жұқтыруына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген. АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обырынан және осы инфекция тудыратын басқа да онкологиялық аурулардан қорғайды.
Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 600-ден астам әйел қайтыс болады. Жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездесетін онкопатологиялардың арасында 2-ші орында тұр.
2024 жылдан бастап Қазақстанда АПВ-ға қарсы 11-13 жастағы қыздарды вакцинациялау 6 ай интервалмен екі рет жүргізілуде. Республика бойынша АПВ – ға қарсы 1 кезеңмен – 235 мыңнан астам, 2 кезеңмен – 135,9 мың 11-13 жастағы қыз екпе алды.
Екпе алғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.