ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

2026 жылдың 19-25 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, оның ішінде Жамбыл облысының аумағында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Осыған орай, 24 сәуір күні Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тараз — Арена» спорт сарайында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және вакцинацияның маңызын түсіндіру.

Іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Назира Тасжүрекова және ардагер спортшылар қатысты.

Ауқымды шараға 1000-нан астам қала тұрғыны қатысып, жоғары белсенділік танытты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болып, ұрпақ саулығы мен иммундаудың маңыздылығы тағы бір мәрте паш етілді.