Тамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Уланудың негізгі себебі – азық-түліктің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтамау.

Тамақтан улану – бұл өткір ауру, әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүреді. Оның себебі қауіпті тамақ өнімдерін тұтыну болып табылады.

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

- өнімдерді сатып алғанда олардың жарамдылық мерзімін, қаптамасының бүтіндігін және иісін тексеру қажет.
- тамақ дайындау кезінде гигиена ережелерін сақтаңыз;
- көкөністер мен жемістерді, ыдыс-аяқты және ас құралдарын, сондай-ақ тамақ әзірлер алдында қолыңызды мұқият жуыңыз;
- жұмыртқаны сылар алдында оны сабынмен жуыңыз;
- ас үй сүлгілерін, ыдыс жууға арналған губкаларды жиі ауыстырып отырыңыз, өйткені оларда ауру тудыратын бактериялар жиналады;
- тоңазытқыштың бір бөлімінде шикі ет пен балықты дайын тағамдармен бірге сақтамаңыз;
- көп мөлшерде тамақ дайындамаңыз, дайын тағамдарды тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды;
- қоғамдық тамақтану орындарын таңдауда мұқият болыңыз.

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, тамақтан уланудың алдын алу бойынша қарапайым шараларды сақтауды ұсынамыз!