Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Салауатты университеттер» жобасын енгізуге бағытталған кездесу өткізілді

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Салауатты университеттер» жобасын енгізуге бағытталған кездесу өткізілді

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Н. Жанабаева студенттердің қатысуымен «Салауатты университеттер» жобасын түсіндіру және тәжірибеге енгізу мақсатында алғашқы кездесу өткізді.

Іс-шараны ашқан Н. Жанабаева өз баяндамасында «Салауатты университеттер» жобасын таныстырып, оны іске асырудың маңыздылығын түсіндірді. Ол жобаның түпкі мақсаты – студенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз, қолайлы және салауатты орта қалыптастыру екенін, сондай-ақ басқа да маңызды міндеттері бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Н. Жанабаева «Салауатты университеттер» жобасының колледждің имиджін арттырып қана қоймай, студенттердің оқу үлгерімін жақсартуға, тәртібін нығайтуға және жалпы денсаулық көрсеткіштерін жоғарылатуға да оң әсер ететінін айтып, жобада қарастырылған бастамаларды қатысушыларға толық түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жобаның маңыздылығын талқылады. Жиын нәтижесінде «Салауатты университеттер» жобасын колледж деңгейінде сапалы іске асыру бойынша ортақ шешімге келді.