
Туберкулез - адам денсаулығына біршама нұқсан келтіретін, әлемде ең ауқымды таралған аса жұқпалы қауіпті дерт. Әлемде бұл індетті «№1 инфекциялық өлтіргіш» деп атайды. Туберкулездің алдын алуда, туберкулезбен ауырған науқасты дер кезінде анықтаудың, диагнозын жедел қойып, ауруханаға оқшаулаудың, жаңа туылған балаларды туберкулезге қарсы егудің маңызы зор.
Иммундық-профилактика бүкіл әлемде инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді шара болып табылады. Қазақстан Республикасында балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған, жоғары сапалы, қауіпсіз вакциналар сатып алынады.
Туберкулезге қарсы екпе бала туылған алғашқы күндері жүргізіледі. Бұл вакцина баланы туберкулездің ауыр түрлері, емделуі қиын және 100 пайыз жағдайда өліммен аяқталатын - туберкулезді менингит және туберкулездің жалпыланған түрінен қорғауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының профилактикалық егулер Ұлттық күнтізбесіне сәйкес, БЦЖ вакцинасы медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, жаңа туылған дені сау балаларға алғашқы 2-4 тәулікте жүргізіледі.
Балалар балалық шақта жұқпалы ауруларға осалболады. Бұл жетілудің жеткіліксіздігі және дененің жалпы төзімділігінің төмендігіне байланысты. БЦЖвакцинасы туберкулезге қарсы белсенді иммунитетті ынталандыру үшін қолданылады, вакцинацияланған адамның жасушалық иммундық реакциясын тудырады, бұл туберкулез инфекциясынан белгілі бір дәрежеде қорғаныс береді. Туберкулезге қарсы вакцинациядан кейін қорғаныс механизмі бактериялардың бастапқы инфекция орнынан қан арқылы таралуын тежейді, аурудың даму қаупін және процестіңқайта жандануын азайтады. Иммунитет, иммундауданкейін шамамен 6 аптадан кейін қалыптасады.
Профилактикалық екпелерден бас тарту арқылы ата-аналар баланы инфекциялардан және оның зардаптарынан қорғау құқығынан айыратынын есте ұстаған жөн. Айта кету керек, кез келген енгізілген вакцинаға адам ағзасында иммунитеттің пайда болуымен қатар, иммунизациядан кейінгі қолайсыз көріністердің дамуы, мысалы, вакциналардың көпшілігін енгізу кезінде пайда болатын дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, қызару мен ісіну, ал БЦЖ вакцинасын енгізгенде вакцинация орнына жақынорналасқан лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфадениттер) мүмкін.
Лимфадениттер тіркелуі мүмкін реакцияларға жатады және баланың денесінің жеке ерекшеліктеріне байланысты дамиды (бұл көбінесе қауіп тобындағы 90%-иммундық тапшылығы бар балалар) және сәтті емделеді.
Әрбір адам дер кезінде профилактикалық тексеруден өтіп, туберкулезге қарсы екпе алу қажет, өйткені бұл инфекцияның дер кезінде алдын алудың және сәтті емдеудің кепілі.