
Саңырауқұлақтардан, сонымен қатар кептіріліп маринадталған саңырауқұлақтардан дайындалған ас мәзірі – жоғарғы тағамдық сапасы бар құнды дәмді азық болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 100-ден аса түрі өседі, ал, улы саңырауқұлақтардың 40 астам танымал түрі бар. Саңырауқұлақтардан дайындалған өнімді қолданар алдында оның қолайлы ортада өскен сапалы өнім екеніне көз жеткізген абзал.
Саңырауқұлақтарды жинауға келетін болсақ, олар үшін экологиялық таза аймақтарға – таулы немесе дала аймақтарына барған дұрыс. Алайда, жеуге жарамды саңырауқұлақтарды дұрыс таңдай білмеу, дұрыс өңдемеу, дұрыс пайдаланбау, дайындау технологиясын дұрыс сақтамау адамдардың уланып, ауыр зардап шегуіне әкеп соқтырады.
Облысымызда ақ саңырауқұлақтар, далалық шампиньондар, смарчок, опята, көк тұғырлы (синяя ножка) саңырауқұлақтар, ағаш түбінде өсетін (пеньковые) саңырауқұлақ түрлері кездеседі.
Саңырауқұлақтар жеуге жарамды, жеуге шартты жарамды (атап айтқанда, тағамға қолданар алдында арнайы аспаздық өңдеуді қажет ететін: смарчок және строчок, және жеуге жарамсыз уыт (токсин) бөлетін улы саңырауқұлақтарға бөлінеді.
Әдетте жедел улануға себепші жеуге шартты жарамды және улы саңырауқұлақтар болып табылады. Улы саңырауқұлақтардың ең көп тараған түрі түссіз (арамқұлақ) поганка, мухомор және әлжуаз жалған саңырауқұлақтар. Түссіз (арамқұлақ) поганка саңырауқұлақтармен улану өте ауыр жағдайда өтеді. Улы саңырауқұлақтадың құрамында бауыр мен бүйрекке ауыр зақым келтіретін уытты зат болады. Түссіз (арамқұлақ) поганканы шампиньондармен шатастырып алмау маңызды. Саңырауқұлақтарды қалпағының астындағы пластинкаларының бояуына қарап ажыратады. Яғни шампиньондардың қалпағының астындағы пластинкаларының бояуы қызғылт, ал түссіз (арамқұлақ) поганканың астындағы пластинкалары әрқашан ақ болатынын есте сақтау қажет. Адамдар, бүйректің қызметіне зақым келтіретін, құрамында гелвель қышқылы бар смарчоктар мен строчоктардан да улануы мүмкін. Бұл саңырауқұлақтарды тамаққа пайдаланар алдында алдымен қайнатып алып, суын төгіп тастау керек. Сонда гельвель қышқылы сумен жуылып кетеді де өздері зиянсыз болады.
Жеуге шартты жарамды саңырауқұлақтардан уланудың негізгі себептері:
Саңырауқұлақтан уланудың алғашқы белгілері пайда болғанда (жүрек айнуы, құсу, әлсіздену) тез арада жедел жәрдем шақыру қажет. Жедел жәрдем келгенше уланған адамға тұзды суды (1 стақан суға 1 шай қасық ас тұзын салып араластырып) аз-аздап ішкізу қажет. Сонымен қатар, құсқаннан кейін, ұнтақталған белсенді көмірмен араластырылған су ішкізу керек. Науқастың аяғы мұздап, сіңірі тартылса аяғына ыстық сумен жылытқы зат басу қажет. Алғашқы көмек көрсетілгенге дейін уланған адамды ұйықтатуға болмайды. Уланған адамға ыстық қою қара шай, кофе, сүт пен бал жақсы әсер береді. Уланған адам мазаланып, тынышсыздық пайда болса, онда науқасты жатқызып басына суық компресс жасау керек. Қолданылған улы саңырауқұлақтың қалдығын (болған жағдайда) зертханалық зерттеуге жолдау қажет.
Ең бастысы улы саңырауқұлақтардан уланудың алдын алу үшін жеуге жарамды саңырауқұлақтарды үй жағдайында өңдеу, дайындау, консервілеу кезінде келесі қағидаларды қатаң сақтаған жөн:
- білмейтін немесе күмәнданатын саңырауқұлақтарды жеуге пайдаланбаңыз;
- топырақтан, құмнан, жапырақтардан, зиянкестерден тазартылған сау саңырауқұлақтарды ғана қолданыңыз және таза ағынды сумен шайыңыз;
- жаңа терілген саңырауқұлақтарды келесі күнге өңдеусіз қалдыруға жол бермеңіз, оларды өңдеп, сұрыптап жуып, бірден қайнатып қуырып тұздау керек;
- кулинарлық өңдеудің алдында жеуге жарамды саңырауқұлақтарды тұзды суда 5-7 минут қайнатып, суын төгіп тастау керек;
- тұздалған, маринадталған саңырауқұлақты беті ашық ыдыста 0-16 градус Цельсий температурада, бетін тек дәкемен (марлымен) жауып сақтау керек;
- бей берекет (рұқсат етілмеген) сауда орындарынан, күмәнды, күдік тудыратын үй жағдайында өңделіп, дайындалған саңырауқұлақтарды сатып алмаңыз.
Жалпы үй жағдайында өңделіп, дайындалған саңырауқұлақтарды пайдалану өте қауіпті. Тығыз тығындалған банкаларда сақталған кезде ол микробты-ботулинум токсинін түзеді, ағзадағы микробтың мөлшері қауіпті және көбінесе өліммен аяқталады.
Ескертеміз, тамақтан улануды болдырмау үшін саңырауқұлақтардың кез-келген түрін қолданған кезде өте мұқият болыңыз, олардың зиянсыздығына күмәндансаңыз, тұтынудан бас тартқан дұрыс!