ЖҰМЫС ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ӨТКЕНДІГІ ТУРАЛЫ

ЖҰМЫС ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ӨТКЕНДІГІ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 3 сәуір күні Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жұмыс жиналысына қатысты.
Аталған жиынға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар, дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мектептері, меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Жиналыс барысында «Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай, екпенің маңызы» тақырыбында баяндама жасалып, өңірдегі ахуал жан-жақты талқыланды.
Іс-шара Тараз қаласы әкімінің орынбасары У. Сламбекова төрағалығымен өтті. Жиын барысында Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №1 қаулысының талаптары қарастырылып, қатысушы мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Мамандар қызылшаның алдын алуда вакцинацияның маңыздылығын атап өтіп, екпе алу – инфекцияның таралуын болдырмаудың ең тиімді жолы екенін жеткізді.