
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82-бабының 7-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар халықтың декреттелген тобына жататын жұмыскерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Кодекстің 82-бабының 9-тармағына сәйкес гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге міндетті.
Халықтың декреттелген топтарына гигиеналық ағарту жұмыстарын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №195/2020 ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» ережемен айқындалады.
Кодекстің 1-бабының 280-тармағына және Қағидалардың 1 тарауының 4-тармақшасына сәйкес халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтыру үшін барынша жоғары қауіп төндіретін адамдар жатады.
Халықтың декреттелген тобының адамдары жұмысқа тұру кезінде бастапқы және одан әрі жылына бір рет кезеңділікпен гигиеналық оқытылуға жатады. Халықтың декреттелген тобының гигиеналық оқыту бойынша оқыту өндірістен қол үзіп жүргізіледі.
Халықтың декреттелген тобының гигиеналық оқыту бойынша қызметті профилді санитариялық-гигиеналық (медициналық-профилактикалық) мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың өкілдері жүзеге асырады.) Кодекстің 24-бабының 1-тармағына сәйкес бұл қызмет хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың декреттелген тобына гигиеналық оқытудың сапасын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары келесі жолдармен бақылайтынын ескертеді: қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламаларға мониторинг жүргізу; гигиеналық оқытуды өткізу тәртібі мен бағдарламасының сақталуын тексеру; тексерулер, профилактикалық бақылау мен қадағалау барысында декреттелген топқа жататын адамдардың білімін тексеру арқылы жүзеге асыратынын ескертеді. Сондай-ақ, тәуекел критерийлерін бағалауға сәйкес, тексеру парақтарында «персоналда гигиеналық оқытудың болмауы» әкімшілік жауаптылықты көздейтін өрескел бұзушылық болып табылатынын еске салады.
Персоналды сапалы гигиеналық оқыту және оны іс жүзінде қолдану — білім беру және тәрбиелеу нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етудің кепілі.