Бруцеллез — жануарлардан адамға берілетін жұқпалы ауру. Инфекция шикі сүт пен сүт өнімдерін, жеткіліксіз пісірілген немесе қуырылған етті тұтыну кезінде және ауру жануарлармен байланыста болғанда берілуі мүмкін.
Аурудың алдын алу үшін:
- ет пен сүт өнімдерін ветеринарлық бақылаудан өтетін, тексерілген жерлерден ғана сатып алу;
- шикі сүтті, айран және пастерленбеген сүтті ірімшікті тұтынбау;
- етті мұқият пісіру немесе қуыру;
- жануарларға күтім жасау кезінде жеке қорғаныс құралдарын (арнайы киім, қолғап) пайдалану;
- ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы вакцинациялау, тексеру;
- ет комбинаттарында, фермаларда және т.б. жұмыс істеу кезінде санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау қажет.